Өркениет

"Жылаған жұрт тыным бермеді": Айнұр Тұрсынбаева сүйінші сұрады

  • "Жылаған жұрт тыным бермеді": Айнұр Тұрсынбаева сүйінші сұрады

 Айтыскер ақын оттегі концентраторын сатып алу туралы идея қайдан келгенін атап өтті. Ол алдымен Стамбұлға парацетомол мен антибиотик іздеп барған

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықтың ақшасына сатып алынған оттегі аппараттарын таратуға көмектесуге уәде бергенін жазды.

"Ал сүйінші! Иә, айналдырған бес күнде 825 оттегі аппаратының қаржысын жинап тастадық. Оңай болған жоқ! Дәулет, Динара Сәтжан үшеуміз 24 сағат телефонда отырып жеткен жетістігіміз осы болды. Кішкене көпшік қойып жіберсеңіздер 1000-ға жеткізіп тастауымыз мүмкін", - деп жазды ақын.

 

Айнұр Тұрсынбаева қаржы жинау кезінде қалталы азаматтарға жалынып та, өлеңдетіп те жазғанын атап өтті.

"125 аппарат Түркиядан бүгін жетеді. 700 аппарат 10-15 күннің ішінде Қытайдан келеді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таратуға көмектесетінін айтып қуантып жатыр", - деді ол.

Ақын оттегі концентраторын сатып алу туралы идея қайдан келгенін де айтып өтті.

"Фейсбукті ашсам қаптаған "иманды болсын", инстаграмда да сол. Ватсапта да сол. Дәрі-дәрмек іздеп еңіреген халық. "Түркиядан дексаметазон жібер, антибиотик жібер" деп жылаған жұрт ватсапқа тыным бермеді", - деп еске алды Тұрсынбаева.
Ол алдымен 5 миллион теңгемен Стамбұлға парацетомол мен антибиотик іздеп барғанын атап өтті.

"Мен ИВЛ мен концентратор дегенді көрмек түгіл естімеппін. Дәріханада кезекті тұрып "мынау не нәрсе" деп сұрай салдым. Сөйтсем өкпесі қысылған жұртқа оттегі беретін ең қажетті дүние екен. "Ойбай-ау, бағасы қанша?!", "200 мыңдай!". Өй, жұртты шыбынша қырып бара жатқан аурудың емі түкке тұрмайтын ақша екен ғой, осыны алайық дедім. Инстаграмды бір шулатып 25 аппаратты сатып алдым. Ертесіне Қайрат Жолдыбайұлы хабарласып, мән-жайды білді де ақша жинауды бастап кетті", - деп түсіндірді ол.

"Не керек 5-6 күннің ішінде жұрттың бәрі аппарат іздеп кетті. Құдай-ау дәрігерлер бізге осыны алыңдар деп неге ертерек айтпады деп қоямын. Ең болмаса 1 ай бұрын қимылдасақ, қаншама адамды аман алып қалар ма едік", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

 




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 18:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30