Өркениет

Жылағым келді: Танымал актриса "орыстанып" кеткен қазақтар үшін күйінді

  • https://brod.kz/

    https://brod.kz/

Қазақстандық кино саласында өзін мойындатып келе жатқан талантты жас актриса Ғазиза Тлеубай ұлымен бірге тап болған келеңсіз оқиға туралы айтып, бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселені көтерді. Жас ана орысша сайрап жүрген қазақтарға шүйлігіп, олардың балаларының да өз тілін білмейтініне күйінген деп жазады KAZ.NUR.KZ

 

Ғазиза Тлеубай өз үйлерінің ауласынан ұлына дос табылмай қалғанына қатты қынжылған. Оған өзге бүлдіршіндердің орыс тілінде сөйлеп, қазақша түсінбейтіні себеп болыпты. Актриса қазақ балаларының орысша сайрап, өз ана тілін білмей жүргені ата-аналардың қателігі екенін алға тартты.

 

"Менің жылағым келеді. Бүгін Елтереспен саябақ пен аулада көп серуендедік. Көршілердің барлығы делік қазақтар. Саябақтағы баласымен жүргендердің де басым көпшілігі қазақтар. Соладың, шамамен 60%-і орысша шүлдірлеп жүр. Менің балам олардың баласымен ойнағысы келеді, ойнайын десе, олардың тілін түсінбейді. Не дерімді білмеймін де. Балама бірдеңе деп сөйлеп жатыр, ол болса маған қарап тұр. Аударып тұруға намыстанып, кетіп қалдым. Мен балалардың көп тіл білгеніне қуанамын. Дегенмен, ана тілге құрмет болмаса, оны білмесе, өсіп келе жатқан балапандарымыз ертең елге қызмет етуі екіталай деп ойлаймын.

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе", - дейді ғой. Бірақ осы ретте эгоистік тәрбие беріп жатқан қаншама ата-аналар есіме түседі. Мейлі, бұл бөлек тақырып болсын. Ұлтымды жақсы көремін. Оның өткенін жаңғыртуға шамам келгенше үлес қосқым келеді" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

 

ФОТО:  www.instagram.com/p/CBLR9BXlMMB/




Көрілген: 1926    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 16:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31