Өркениет

«Қалаулым» – билікке керек жоба: Нұрболхан Шарапов бағдарламаның тағы бір былығын ашты (ВИДЕО)

  • «Қалаулым» – билікке керек жоба: Нұрболхан Шарапов бағдарламаның тағы бір былығын ашты (ВИДЕО)

    «Қалаулым» – билікке керек жоба: Нұрболхан Шарапов бағдарламаның тағы бір былығын ашты (ВИДЕО)

Ырылдасқан қыз-жігіттен өсіп келе жатқан ұрпақ қандай тәрбие алады? Жалпы, осы сұраққа қос бірдей министрлік өкілдері не деп жауап береді?
<iframe width="740" height="416" src="https://www.youtube.com/embed/VLgZYBw3Kh8" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Қазақстандағы «Қалаулым» бағдарламасына байланысты мақала да жазылды, үндеулер де жолданды. Жаппай факт іздеп, артына шырақ алып түскен азаматтар да болды. Соның бірі Нұрболхан Шарапов кеше өзінің Youtube каналында «Қалаулымның артында кім тұр?» атты видеосын жариялады, деп хабарлайды ztb.kz.

Жан-жақтан бұл бағдарламаның жабылуына үн қоссақ та билік тыңдаған жоқ. Әсіресе, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай пікір білдірген жоқ.

«Қалаулым» бағдарламасы – Қазақстан бойынша рейтинг бермей тұрған идеологиялық тележоба. Неге идеология дерсіз?

Есі дұрыс адам каналға қыз іздеп, не жігіт іздеп бара ма? Жақсы. Ол шоу делік, ендеше шоуға да біреу бағыт-бағдар беру керек. Себебі, біз ұлттық деңгейдегі, дәстүр және құндылық деген заңдылықпен өмір сүретін мемлекетпіз. Құндылықтарға құрметпен қарау керек.

Ырылдасқан қыз-жігіттен өсіп келе жатқан ұрпақ қандай тәрбие алады? Жалпы, осы сұраққа қос бірдей министрлік өкілдері не деп жауап береді?

Бағдарламаның шындығын ашамын деп жүріп басы бәлеге қалған Замираның да аудиосын естідік. Бағдарламаны үйлестірушінің сөзінше, арадағы шындықты айтқаны үшін одан 7 000 000 теңге талап еткен. Жақсы, бұл өзара жасалған заңды құжат жүзіндегі мәселе делік. Бұған министрлік дым демейтіні айдан анық.

Менің сұрағым мынау: Замираның анасын жұмыстан шығарып жібереміз деп қорқытыпты. Сонда бізде бейбіт елде, зайырлы елде, демокртиясы гүлденіп жатқан мемлекетте телефон арқылы осылай проблема шеше сала ма? ҰҚК бұл жайында не дейді?

Халық еркіндік талап етсе, сөз бостандығын сұраса, ұлттың жайын айтса, интернет өшіруге құмар, бәрін соттауға, қамауға жүгіретін үкімет ұлттың құндылықтарына кері әсерін тигізетін бір бағдарламаны жаба алмайды, не оларға ескерту жасай алмай ма? Ақылға қона ма, жоқ па?

Осыдан кейін бір-ақ ой туындайды: «Қалаулым» – билікке керек жоба. Себебі, миллиондаған көрермен телміріп көріп отыр. Саяси сауат ашудың орнына, өздерінің балаларымен жасты ұрпақтың арзан әңгімесін талқылап жүр. Бұл қоғамды мәңгүрт санамен ұстаудың жақсы жолы. 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 22:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30