Өркениет

Қалдыбек Құрманәлі: "Кәмшатқа және сол секілді қыздарға жаным ашиды"

  • © qamshy.kz

    © qamshy.kz

Мен қазір Кәмшат және сол секілді қыздарға аяушылықпен қараймын, жаным ашиды. Ұзақ өмір сүрсін деп тілеймін. Күндердің күнінде олардың баласы, немересі болады.


"Қамшы сұхбат" хабарының кезекті қонағы болған белгілі композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі Шәмші Қалдаяқовтың қарындасымен неге сөзге келіп қалғанын түсіндіріп, қазіргі қазақ эстрадасындағы әнші қыздар туралы пікір білдірді.


— Қазір мән-мағынасыз, қойыртпақ әндер көбейді. Тіпті көрермендерді тарту үшін неше түрлі бейнебаяндар да шығып жатыр. Біздің қазақы болмысымызға сай келмейтін бейнебаяндар көбейіп кетті. Қандай пікір білдіресіз?


— Мен қазір Кәмшатқа және сол секілді қыздарға аяушылықпен қараймын, жаным ашиды. Ұзақ өмір сүрсін деп тілеймін. Күндердің күнінде олардың баласы, немересі болады. Бұл бейнебаяндар тасқа таңбаланғандай болып қалды. Енді 20 жылдан кейін бала-шағасымен бірге осы бейнебаянды көре ала ма екен? Бірақ тағы бір ойым, егер осылай ойлайтын Кәмшат болса, бейнебаянға түсер ме еді?! Мүмкін продюссерінің де ісі шығар. Мен Кәмшатпен кездескен кезде "осы бейнебаянға шын мәнінде өз қалауыңмен түстің бе? Әлде продюссеріңнің сызып бергенін істеп жүрсің бе?" деп сұрар едім. Сұлулықты, дене бітімнің мықтылығын басқа жерде де көрсетуге болады. Өзім жақсы көретін қарындасым еді. Білмеймін енді.


— Бірақ осындай бейнебаяндар жиі көрсетілгендіктен 10-20 жылдан кейін бұл қалыпты жағдайға айналып кетпей ме?


— Мен талай нәрсені ойлап жүрмін. "Ұлттық идеологиямыздан айырылып бара жатқан жоқпыз ба?" деп өзіме жиі сұрақ қоятын едім. Бірақ айналамдағы әр салада жұмыс істейтін достарым, таныстарым бар. Мысалы, базарда анау-мынау сатып, күн көріп жүрген адамға президенттің кім екені, елде қандай өзгеріс болып жатқаны қызық емес. Ол базарға барып, тиын-тебен тапсам болды деп күн көріп жүр. Әр саладағы достарыммен сөйлесем, сұхбаттасамын. Сосын "қоғам осылай ластанып кете бере ме? Әлде Алла Тағала шебер ғой, әр нәрсенің сұрауы болады ғой, мұның да сұрауы бола ма" деп ойланам. Сөйтсем, әр нәрсенің сұрауы болады екен. Себебі, бетінен әлі ұят кетпеген, намысты жастар бар. Мән-мағынасыз бейнебаянды көрсетіп "осыған қалай қарайсың?" деп сұрасам, бетінен оты шығып, ашуға мінетін жастар жетерлік. Мұндай жастар ауылда да, қалада да бар. Ұлтты сақтап қалатын мүмкіндік жоқ деп айта алмаймыз. Тек мемлекет сәл ғана мүмкіндік беріп, жағдай жасаса болар еді. Қазір мемлекет дінге байланысты түрлі шараларды іске асырып жатыр ғой. Не үшін? Мемлекет діннен қорыққандықтан назар аударып жатыр. Бірақ өнерге қорыққандықтан емес, жаны ашығандықтан назар аудару керек деп ойлаймын.


qamshy.kz


 




Көрілген: 1965    Пікірлер: 0

сенбі, 20.07.2019, 16:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31