Өркениет

«Кальмар ойынының» құдіреті неде? Әлемді таңғалдырған сериал туралы қызық деректер

  • «Кальмар ойынының» құдіреті неде? Әлемді таңғалдырған сериал туралы қызық деректер

    «Кальмар ойынының» құдіреті неде? Әлемді таңғалдырған сериал туралы қызық деректер

Оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" (Squid game) сериалының Netflix-тегі қаралымы 90-ға жуық елде көш бастап тұр. Қаралым бойынша бұған дейін әлемде хит болған «Бриджертоны» және «Ведьмак» сериалдарын да басып озған. Жоба АҚШ-тағы ең танымал 18 шоудың тізіміне кіріп, Metacritic, Rotten Tomatoes және IMDb порталдарында жақсы баға алған. Оңтүстік Кореяның Netflix-те хит болған алғашқы шоуы туралы қандай қызық ақпарат белгілі?
Сериал қарызға батып, қиындыққа тап болған адамдар туралы. Сюжет бойынша олар тірі қалуы үшін аралға жиналып, балалар ойынын ойнайды, соңында жеңген адам 40 млн долларға ие болады.
«Кальмар ойыны» сериалының сценарийі 2008 жылы басталып, 2009 жылы жазылып біткен. Сол кезде сценаристің өзінің де қаржы жағдайы қиын болған. Алғашқы екі эпизодты жазуға алты айға жуық уақыт кеткен.


Режиссер Хван Дон Хектің The Korea Times газетіне берген сұхбатында бастапқыда фильмнің мазмұны адамдарға таңсық және қатал көрінгендіктен оған ешкім қызықпаған. «12 жылдан кейін дәл осы қатыгез сценарийді қоғам қабылдай алатын жағдайға жетті», – дейді ол сұхбатта.
10 жыл ішінде Netflix-ке дейін ешкім оны қаржыландыруға ниет білдірмеген.
«Кальмар ойыны» әуелде фильм болуы керек болған және атауы басында «Алты» аталған.

Шоуға 456 адам қатысқан, бәрі шынайы кейіпкерлер және массовка пайдаланбаған, ешқандай компьютер графикасы қолданылмаған. Ондағы реквизит, декорацияның бәрі дәл сол қалпында қойылған.
Тағы бір қызық дерек – бірінші эпизодтағы қорқынышты, алып қуыршақ музейде сақталған. Музей Сеулдің солтүстігінде шамамен үш сағаттық жерде орналасқан Жинчхон округінде орналасқан. Қуыршақты түсірілім тобы жалға алған.

Сериалдағы кейіпкерлердің бірі – модель Хо Ен Чон. Ол «Кальмар ойынында» алғаш рет актерлық қырынан танылып, Instagram-дағы жазылушы саны 10 күнде 11 миллионға жеткен. Қазір 16,1 млн жазылушысы бар.
aikyn.kz




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 21:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30