Кәмшат Жолдыбаева концертте дауысы шықпай, сынға қалды

03 мамыр 2022, 19:30

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева думанды кеште фонограммасыз ән орындаймын деп елдің сынына қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Видео Instagram-дағы Kamshatzholdybayeva__love парақшасында жүктелді.

 

Бейнежазбада Кәмшат "Тағы да сүй" атты хит әнін фонограммасыз орындап тұр. Би билеп елдің көңілін көтеріп тұрған сәтте өнер иесінің дауысы шықпай қалады.

 

Бір қызығы әншінің орнына жиналған көрермен әнді әрі қарай іліп әкетеді.

 

 

Видеоны көрген желі қолданушылары оны "дауысы жоқ әнші" деп сынады. Тіпті олар Кәмшатты сахнадан қуу керек екенін айтты.

 

"Не сұмдық мынау?". "Әнші сахнада ән айтуы керек". "Дауысы жоқ әншілерге тыйым салу керек", — деп жазды желі қолданушылары.