Өркениет

Қанат Әлжаппаров: Үкімет өз халқын қырып тастамайтын шығар?

  • Қанат Әлжаппаров: Үкімет өз халқын қырып тастамайтын шығар?

    Қанат Әлжаппаров: Үкімет өз халқын қырып тастамайтын шығар?

"Әзіл әлемі" театрының актері, әзілкеш Қанат Әлжаппаров Bizben Podcast жобасының алғашқы қонағы болды. Ол таяуда шыққан "Пизнесмен Қанат" сериалы, саяси әзілдер туралы әңгіме қозғады. Сонымен қатар, коронавирус, вакцина туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір YouTube хостингінде көрсетіліп жатқан "Пизнесмен Қанат" сериалында басты рөлде ойнаған әзілкеш қазіргі жобалардағы былапыт сөздер туралы ойын айтты. Сондай-ақ, театрда өнер көрсеткенге қарағанда киноға түсу қиындау екенін мәлімдеді.

"Stand-up жанрына қарағанда кино қиындау. Негізі қай жұмыс та оңай емес. Бірақ кино сәл шаршатады. "Мотор, дубль, стоп" деген әңгімелер. Ал театрда сахнаға шығасың, мәтініңе дайындалып, жаттап алсаң болды", - дейді Қанат Әлжаппаров.

"Мен де жұрт қатарлы іліп алдым. Дәм сезбей, иіс сезбей, бірақ температура болған жоқ. Вакцина салдырамын. Кішкентай кезімізден вакцина егеді ғой. Бірінші мұғалімдерге, полицейлерге салып жатыр. Былай қарасаң, үкімет ақымақ емес, оның байлығы - мұнай не алтын емес, халқы. Халқын қырмайтын шығар олар. Сол үшін вакцина салдыр десе, салдыру керек. Мен міндетті түрде салдырамын", - деді әзілкеш.

Актер әңгімесінде құрғақшылық мәселесін де көтерді. Оның сөзінше, Сырдария суы азайып, Қызылордадағы шаруашылықтар су таппай отыр екен.

"Өз өңіріме байланысты айтайын. Қызылордада Сырдарияның суы өте үлкен проблема болып отыр. Сырдария қанша елден өтіп, Арал теңізінен келіп құятын. Қызылордада шаруашылықтар күрішке су жеткізе алмай отыр, құрғақшылық. Билікке келсем, Өзбекстан, Қырғызстанмен келісіп, осы мәселені шешер едім. Сырдария - бүкіл қазақтың проблемасы", - деді Қанат Әлжаппаров.
 
 

Tengrinews.kz

 




Көрілген: 1025    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 11:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30