Өркениет

Қанат Айтбаев:"Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысымыз жоқ"

  • Қанат Айтбаев:

    Қанат Айтбаев:"Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысымыз жоқ"

Әжем Рахиманың руы Әлімнің ішіндегі &mdash Жақайым, оның ішінде - Быламық. Ол кісі бойжетіп, Жақайым руының ішіндегі Талпақ, Қырғыз руының жиені Төлеубай деген кісіге тұрмысқа шығады. Екеуі бірнеше бала сүйеді. Сөйтіп жүргенде отызыншы жылдардың аласапыраны басталады. Аштықтың кезінде Төлеубай атамыз өліп, әжеміз бала-шағасын аштан өліп қалмас үшін уақытша балалар үйіне өткізіп, аласапыран заманда олардан көз жазып қалады. Ауылда аман қалған үлкендер ақылдаса отырып, сүйенер тірегінен, бала-шағасынан тірідей айырылған қам көңіл Рахима әжемді Әлімге сіңген қырғыз руының ішіндегі Барақ, оның ішіндегі Тілеубайдан тарайтын, жұбайы қайтыс болған менің атам Айтбайға қосады. Жан-жақтағы ағайын-туыстың сүйемелдеуімен екі жарты бір бүтін болып, түтін түтетеді. Көп ұзамай өмірге менің әкем келеді. Анадай жағдайлардан кейін дүниеге келген бала тіпті тәтті көрінеді ғой, екеуі де: «Бізге бұл баланы Құдай берді...» десе керек. Сөйтіп, екі шаңырақтың өшкен отын тұтатқан сәбиге Құдайберген деген есім беріледі. Әкеміз 7-8 жасқа келгенде, тағы бір қуанышты жағдай болыпты. Әжемнің Төлеубайдан туған Аязбай деген ұлы аман табылады. Айтбай атам той жасап, бауырына басқан. Аязбай да мейірімді, елгезек бозбала екен, лезде атама бауыр басады.Менің әкем Құдайбергенді еркелетіп, ертіп жүреді екен.
Бір күні Айтбай атам аттан құлап, мертігеді. Дерті әбден меңдеп, өмірден озар алдында ұлы Аязбайды шақырып алып: "Балам, естияр жігіт болып қалдың, менің уақытым таяған сияқты, інің Құдайберген өзіңе аманат, ешқашан бөлінбеңдер, саған сендім..." деп үзіліп жүре беріпті. Кейінірек анасы да өмірден озыпты. Атамыз қайтқан кезде менің әкем Құдайберген бар болғаны тоғыз жаста екен.
Әке аманатына берік Аязбай атамыз інісі Құдайбергенді жетелеп жүріп өсіріп, Барақтың Тілеубайынан, Жақайымның Талпағынан тарайтын барлық туыс, туғанның мейірімін бойына тең сіңіреді. Әкем Жақайым мен Барақтың ортақ баласы болып ер жетеді.
Әскер қатарынан келген соң, ағасының ақ батасын алып
әкем Алматы ауылшаруашылық институтына оқуға түседі.
Оқып жүріп, Ақтөбенің Шалқар өңірінен келген, Әлімнің Шектісінен тарайтын Қабақтың қызы, менің анам Миуамен танысып, шаңырақ көтереді.
Екеуінен үш бала өрбідік - мен, әпкем Гүлзира, қарындасым Нұргүл.
Мен 1993 жылы институт бітіріп, Әлімнің Шектісінен, оның ішінде Назар руының Бәшенінен тарайтын Ермекқызы Светамен шаңырақ көтердім.
Аллаға шүкір, қазір екі ұлымыз, бір қызымыз бар.
Ата-анамызбен бірге бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
P.S. Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысымыз жоқ.
Құдандалы, жекжатты болар кезде ғана айтылатын ру тармақтарын, өмір тарихын жариялы түрде баяндауға мәжбүр еткен "журналистерге" не дейін...




Көрілген: 3870    Пікірлер: 0

сенбі, 06.02.2021, 08:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30