Өркениет

"Қанша жәрдемақы алатынымды өзім білмеймін": Көпбалалы жұлдыздар жәрдемақы ала ма

  • "Қанша жәрдемақы алатынымды өзім білмеймін": Көпбалалы жұлдыздар жәрдемақы ала ма

 Бүгінде елімізде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы тұрады. Бұл қатарда отандық шоу-бизнес өкілдері де бар. Өнер мен отбасын қатар алып жүрген "жұлдыздардың" кейбірі мемлекеттен алатын жәрдемақы көлемін білмейтін де болып шықты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көпбалалы әншілердің қатарында көш бастап тұрған жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат. Шаңырақ көтергендеріне 20 жыл болған әншілердің Бекболат, Иманәлі, Нұрәли, Айсұлтан есімді ұлдары және кенже қыздары Аяла бар.

Көптен күткен қыз баланың есімін әкесі, Қыдырәлі Болман өзі қойыпты.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір де 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр. Әншінің жары балаларға қаталдаумын, көбінесе оларды отағасы еркелетеді дейді.

«Өзім тұрмысқа шыққанда күлетінмін. Тұрсекеңнің үйінде 6 бала, біздің үйде 6 бала, ол үйде 3 ұл 3 қыз, біздің үйде үш ұл үш қыз. Сөйтіп келсек соған келе жатырмыз. Үш қыз бар енді екі ұл тағы бір ұл дүниеге келіп қалса енді алтау болады. Соған қарағанда періштелер әумин деп қалған сияқты ғой», - деді Өнер-білім орталығының директоры Мөлдір Мұқанова.

Танымал сықақшының отбасы осыдан бір жыл бұрын бесінші сәбимен толықты. Әке жолын қуған қыздары да өнерден кенде емес, музыкалық аспапта ойнап, би де билейді. Әзілкештің жары көпбалалы ана ретінде қанша жәрдемақы алатынынан бейхабар болып шықты.

«Аламын. Білмеймін. Шын айтамын білмеймін. Карточкама түсіп тұрады. Қолданамын келген ақшаны. Есептеп өтірік айтпай-ақ қояйын келесі айдың жәрдемақысын алғаннан кейін барамын да көйлек сатып аламын немесе барамын да біреуге сыйлық аламын деген сияқты ондай жоқ енді. Мен ай сайын қанша түсетінін де білмейді екенмін. Және осы күнгі көпбалалы аналар қанша алатынын да білмеймін», - деді Мөлдір Мұқанова.

Халық сүйіктісіне айналған әнші Қайрат Нұртас сүйген жары актриса Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге Алау мен Сезім есімді қыздары мен Нарұл, Хан атты төрт бала өсіріп отыр. Жұлдызды жұптың балалары да өнерден кенде емес. Хитменнің былтырғы жылы өткен отбасылық концертінде өнерлерімен танылған болатын.

Мирас пен Құралай отбасылық өмірді жаңа бастағанда төрт жыл бойы балалы бола алмаған. Өнерлі жұп бүгінде көпбалалы ата-ана. Үнемі гострольдік сапармен жүретін олар балаларына еш алаңдаушылық танытпайды. Өйткені анасы балаларына қарап, қолғанат болады екен.

«Мирас екеуіміз құдайға шүкір анамыздың қолында тұрамыз. Сол кісінің арқасында гострольдік сапар болсын, концерт болсын осындай сьемкалар болып жатса міндетті түрде мамамыз 4 баламызды қарап қарады. Балаларымызға көбінесе тәрбиені әжесі беретін болғасын әжесінің бүкіл айтқан нәрсесі бізге заң», - деді әнші Құралай Бекжанова.

Мирас ұлының әке жолын қуып әнші болуына қарсы емес, ал қыздарының өнерді таңдауын құп көрмейді екен.

«Мен қыздарымның өнерге жақындағанын онша қалаған жоқпын. Ертең болашақтағы жары қалай қарайды. Енесі қалай қарайды. Жалпы бірінші орында мен ойлаймын бақытты отбасы болуы керек. Сол себептен өнер кедергі келтіріп қалады ма деген сияқты кедергі келтіріп қалмасын деп қыздарымды өнерден алыстаттым», - деді әнші Мирас Бекжанов.

Одан өзге "Алдараспан" театрының басшысы, актер Нұржан Төлендиевтің алты баласы бар.Танымал әнші Роза Әлқожа бес баланың анасы. China Town тобының бұрынғы солисі Динара Сұлтан жақында әлеуметтік желідегі парақшасына алтыншы баласына жүкті екенін хабарлады."МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев те көпбалалы әкелердің қатарына кіреді. Бүгінде эстрада әншісі мен жары Динара төрт баланың ата-анасы.

Stan.kz.




Көрілген: 172    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 10:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31