Өркениет

«Қара магиядан есінен танып қалатын»: Роза Әлқожа дуаның құрбаны болған

  • «Қара магиядан есінен танып қалатын»: Роза Әлқожа дуаның құрбаны болған

    «Қара магиядан есінен танып қалатын»: Роза Әлқожа дуаның құрбаны болған

Қазақта тіл-көз тию деген ұғым бар. Әсіресе, сахнада, көпшілік назарында жүрген жандар көп ауырады. Оларды сыртынан дуалайтын қара ниетті жандар да кездеседі. Әнші Роза Әлқожаның да дуаның әсерінен ес-түсін білмей ауырған кезі болған.  Бұл туралы НТК Show бағдарламасында айтылды деп жазды Oinet.kz. 

Әлжаппар Әлқожа халық назарында жүрген әншілерге көп көз тиеді дегенді айтты. Тіпті өз басынан ондай жағдайлар көп өтеді. Сондықтан адам көзі түсетін заттарды тағып жүруге тырысады.  "Мен концертке шығар алдында, сахнада тұрғанда көп түймем түседі. Шалбарым жыртылады, киімдерім жыртылады. Сондай жағдай көп болады. Ондайда мен қуанамын. Көзді алып түсті деп есептеймін. Егер ондай болмаса, мен ауырамын. Сосын тазаланып, дем салып қалпыма келемін.

Түймені жаңа қадап қойғанда да сахнада тұрып түсіп қалған кездер болды. Әр түрлі адам болады. Біреудің сұғанағы болады дейді. Біреудің көзі өткір болады. Бірінің тілі тиеді. Сондықтан күміс жүзік деген секілді заттар тағып жүремін. Кейбір имамдар айтады. Бұл Аллаға серік қосу деп. Тіл-көз деген қазақта бар ғой. Пайғамбар заманында болған. Мен өзіме сүрелерді айтып дем салып жүремін", - деді әнші.

 Айтуынша, әпкесі Роза Әлқожа дуаның кесірінен ауырып, есінен айырылған екен.  "Роза әпкем де қара магияның әсерінен ауырды. Сыртынан оқытқандар болды. Ине қадап кеткен. Пышақ тастап кеткен. Оның бәрін кейін білдік. Қатты ауырды. Қырсығып, сөзге келмей есінен танды. Кейін молдаларға апардық. Солай тазаланды. Дуа деген бар ғой. Барына сенемін. Пайғамбар заманында да дуалаушылар болған. Сондықтан сүрелер сол уақыттарда келген. Сүре айтып, тіл-көзден сақтанып жүру керек", - деді Әлқожа. 

Oinet.kz. 




Көрілген: 1211    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.06.2021, 23:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31