Өркениет

Қарағанды облысында АӘК-ті заңсыз алып келген отбасылар жауапқа тартылып жатыр

  • Қарағанды облысында АӘК-ті заңсыз алып келген отбасылар жауапқа тартылып жатыр

    Қарағанды облысында АӘК-ті заңсыз алып келген отбасылар жауапқа тартылып жатыр

Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды деген 350 отбасы жауапқа тартылып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, олар қазынаға 33 миллион теңге қайтаруы тиіс.

Дегенмен заңгерлер биліктің бұл әрекетін заңға қайшы деп айтады. Өйткені шенеуніктер әлеуметтік жәрдемақыны тағайындағанда арыз берушілердің табысын жіті тексермеген.

"Судья айтады дәл сол 16-сында тапсырғанда жолдасыңыз жұмыс істеп жүріп, сіз өтірік айтқансыз деген. 16-күні бардыңыз, сол кезде екінші жұмысты айту керек дейді. "Ол маусымдық жұмыс" дедім. Жылу сәуірде тоқтатылады. Ол жерде менің кінәм жоқ", - дейді Шахан қаласының тұрғыны Назгүл Сәрсенбаева.

Назгүлдің айтуынша, құжат тапсырғанда әкімдіктегілер қатты асықтырыпты. Бірді-екілі сұрақ қойып, жете білмейтінін айтса да, құжаттарын орыс тілінде толтыртып, қол қойдыра салған. Соттағы түсініктемеде мұның барлығы айтылды. Шенеуніктер отбасынан табысын тәптіштеп сұрағанын айтады. Бірақ ауызша ғана.

Заңгерлердің айтуынша, еңбекпен қамту бөлімі отбасының табысын егжей-тегжейлі тексеруі қажет болған. Ал ортақ база болмады деген сылтауы ақталуға жатпайды. Бір сөзбен айтқанда, олар бюджет қаржысын аухуалын ауызша айтқандарға ұстатып жіберіп отыр дейді заңгерлер.

Мамандардың жұмыспен қамту орталықтары осындай отбасыларға берілген жәрдемақыны толық талап етпесе де болады дейді. Тек жан басына шаққандағы күнкөріс шегі 20897 теңгеден асқан соманы сұраса, заңға қайшы емес делінеді. 




Көрілген: 845    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31