Өркениет

Карантин кезінде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазасыз қалды?

  • Карантин кезінде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазасыз қалды?

    Карантин кезінде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазасыз қалды?

Карантин кезінде той жасаған Төрағали Төрәлінің туыстары не үшін жазаланбағанын тауарлар мен қызметттердің сапасын және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Департаменттегілердің сөздерінше, әншінің әкесі Төрәлі Түлеуханов түсініктеме хат жазған. Түсініктемеде өнерпаздың қарындасы Фариза Төрәлі мен оның жары Дархан Нортаевтың неке қию салтанаты ашық аспанда гольф алаңында өткен.

"Той жасау үшін гольф алаңы жалға алынғандығы белгілі болды. 18-ге жуық бір отбасының ғана адамдары мейрамға жиналған. Бұған қоса рәсім 60 минутқа созылып, мерекелік дастархан жасалмаған. Гольф алаңының әкімшілігін жазалауға мүмкін болмады. Себебі аудандық ішкі істер бөлімінде тиісті дәйектемелер табылмады. Құқықбұзушылықты дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз болуынан бұл іс Алмалы ауданының полиция бөлімшесіне қайтарылды", - деді департамент өкілі Кенжегүл Қонысбаева.

Ал Төрәлі отбасы той өткізген мейрамхана иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті.

"Болжалды түрде той өткен мейрамхана иелері әлеуметтік желіде таралған видео мен суреттердегі жиын орнының оларға еш қатысы жоқ екенін туралы түсініктеме келіп түсті. Сол күні әнші Төрағали Төрәлі Нұр-Сұлтанға ұшып кеткен. Мейрамхананың видеоға қатысы бар екенін дәлелдеу мүмкін емес болғандықтан шаралар қолданылмады", - деп қосты департамент өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Төреғали Төрәлінің қарындасының тойы түсірілген видео мен суреттер жұрттың наразылығын тудырған еді. Бұл видео жауапты органдардың назарын аударып тексеріс жүргізіліпті.  




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

сенбі, 29.08.2020, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31