"Картопқа арналған пакет киіп алыңыз": Айсәуле Бақытбек киіну стилін сынағандарға жауап берді

22 желтоқсан 2021, 13:10

"Жүктілік кезінде тырысқан көйлек киме, тырнақ өсірме, шаш бояма!" Ай-күні жақындаған Айсәуле Бақытбекке көпшіліктің айтатын кеңестері осы. Алайда алғаш рет ана атанғалы отырған бикеш ақыл айтқыш оқырмандарынан жауыр болғанын айтады. Ол киіну стилін сынағандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Неге бізде адамдар өз ережелерін бөтен адамға танғысы келеді? Сіз жүкті болған кезде, картопқа арналған пакет киіп алсаңыз да, маған бәрібір болады. Ал мен өзіме ұнайтындай киінемін", - деп жауап берді Айсәуле кеңдеу көйлек киюге кеңес берген оқырманына.

Бұдан өзге, кей оқырмандар Айсәулеге екіқабат кезде тырнақ пен шаш бояуға болмайтынын ескерткен. Оған блогер: 

"Сіздерде аздаған болса да білім бар ма? Тым болмағанда гуглды ашып үйренсеңіздер қайтеді? Сәби тырнақ арқылы демалады деп жазады. ТЫРНАҚ арқылы. Адам қалай ғана мұндайды ойлап табады екен?" - деп ашуланды Айсәуле.