Өркениет

Кәсіпкер қазақ жігіті украиналық тележүргізушімен Мальдив аралында неке қиды (фото, видео)

  • © instagram/ivannaonufriichuk

    © instagram/ivannaonufriichuk

Саясаткерлерден сұхбат алатын "Без галстука" авторлық шоуымен танымал болған украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчук Мальдив аралдарында қазақстандық Алмаз есімді кәсіпкерге тұрмысқа шықты. Тележүргізуші Instagram-парақшасында үйлену тойындағы суреттері мен видеоларын бөлісті, - деп хабарлайды "Страна.ua".

 

Украиналық басылым мәліметіне сүйенсек, кәсіпкер қалыңдықтың барлық "еркелігін", соның ішінде Мальдив аралдарындағы салтанатқа және танымал дизайнер Жордж Хобейкадан алған той көйлегін төлеген.

 

 

"Салтанат Воава аралында өтті. Four Seasons қызметкерлері қызмет көрсетті. Жалпы алғанда Воава аралына 22 адам сияды және оның құны күніне - 40 мың доллар. Дан Балан, Дима Монатик, Lida Lee және Nino мереке қонақтарына ән шырқады.

Сондай-ақ, үйлену тойында Амадор Лопес RUMBERO's тобымен өнер көрсетті. Үйлену тойын шоумен Александр Белов және тележүргізуші Екатерина Варнава жүргізді", - деп жазады басылым.

 

Жұп үйлену тойын жазда Украинада жасауды жоспарлап отыр. Ерлі-зайыпты екі елде тұрады. Өйткені тележүргізушінің жұбайы Швейцарияда жұмыс істейді екен.

 

 

 

Онуфрийчук болашақ жарымен Испанияда танысқан. Кейін ұзақ уақыт бойы телефон арқылы хабарласып тұрған. Олар бір жыл бұрын жақын танысып, ал бірнеше ай бұрын кәсіпкер сүйіктісіне ұсыныс жасады.

 

 

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 2711    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 11:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30