Өркениет

Қасым хан туралы фильмде басты рөлдерді сомдайтын актерлер белгілі болды (фото)

  • Фото: instagram.com/kazakhfilm_official

    Фото: instagram.com/kazakhfilm_official

Танымал режиссер Ақан Сатаев түсіріп жатқан Қасым хан туралы "Ұлы дала таңы" атты тарихи фильмде басты рөлдерді сомдайтын актерлердің есімі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазақфильм" киностудиясының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Сонымен киностудияның мәліметінше, төмендегі актерлер толықметражды тарихи көркем фильмде басты рөлді сомдайды. Олар:

 

Қасым ханның жас кезін - Данияр Оразаев

 

Ересек Қасым ханды - Берік Айтжанов

 

Жас Бұрындық ханды - Айдос Абдықадыров

 

Ересек Бұрындық ханды - Ерік Жолжақсынов

 

Мұхаммед Шайбаниді - Нұрлан Әлімжанов

 

Жаһан бегімнің жас кезін Алтынай Нөгербек

 

Егде Жаһан бегімді Шамшагүл Мендиярова

 

Әли Рашидтің жас кезін - Қуаныш Құдайберген

 

Ересек Әли Рашидті - Тұңғышбай Жаманқұлов сомдайды.

 

Кинотуындыны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсіріп жатыр. Алғашқы түсірілім жұмыстары 25 ақпанда Алматы облысы Жаркент ауданы Көктал ауылының маңында басталды.

 

Фильмде Қасым хан билік еткен кезеңде Қазақ хандығының өркендеуі, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатуы баяндалады. Дәл осы жылдары қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде өзге аймақтарға да белгілі бола бастады.

 

 

Еске сала кетейік, бұған дейін тарихи фильмді түсіруге пайдалану үшін пиротехникалық заттарды сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталғандарға сот үкімі шыққан еді. "Қасым хан" киножобасы" бөлімінің бұрынғы директоры 2 жылға бас бостандығынан айырылса, оның екі сыбайласының 3 жылға бас бостандығы шектелген болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 1849    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30