Өркениет

"Қатыннан қатынның артықшылығы - қылығында": Үшінші рет үйленген Сәбит Әбдіхалықов жазба жариялады

  • "Қатыннан қатынның артықшылығы - қылығында": Үшінші рет үйленген Сәбит Әбдіхалықов жазба жариялады

Белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов желіде көлемді жазба жариялады. Үш рет үйленген актер соңғы уақытта ел назарында. Желідегі оқырмандары актердің әр сөзін салмақтап, ой қосып отырады.

Әбдіхалықов бұл жолы әйел тақырында сөз қозғады. Үш рет некелескен ол әйелдердің артықшылықтары жайлы айтты.  

 
"Төле би айтқан екен. Жылқының жылқыдан артықшылығы жүйріктігінде емес, тұлпарлығында емес. Түбінде жылқыны жейміз, сондықтан бір асым еті артық. Әйелдің әйелден артықшылығы сұлулығында, сымбатында емес. Әйелдің қылығы артық. Әр әйелдің жарасымды қылығы болады. Ал жігіттің жігіттен артықшылығы батырлығында да емес, қолбасшылығында да емес. Сөзінде тұра білсе, сол жақсы деген екен", - деп жазды.

Бұл жазба көпті ойландырып қойды. Желі қолданушылары әйелдерге қатысты сұрақ қойып жатыр. 

"Қай әйеліңіз қылықты болды?", "Дұрыс айтылған. Әйел әйелден сұлулығы үшін артық болмайды", "Жігіттер уәдесінде тұру керек, сол үшін де еркек деген атқа ие", " Мықты айтылған, билеріміз шешен болған ғой, таласарға сөз жоқ", "Сіз уәдеңізде тұратын азаматсыз ба?", "Жылқы жылқыдан жүйріктігімен артық болса, несі айып?", - деп жазды олар. 




Көрілген: 1744    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31