Өркениет

Қайрат Әділгерей: Әйеліме досым екеуміз ғашық болдық, оның артынан 8 жыл жүгірдім

  • Қайрат Әділгерей: Әйеліме досым екеуміз ғашық болдық, оның артынан 8 жыл жүгірдім

    Қайрат Әділгерей: Әйеліме досым екеуміз ғашық болдық, оның артынан 8 жыл жүгірдім

 Әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей мен жары Бақыт Тұрман неке сыры жайлы айтып, отбасылық қызықтарын бөлісті. Әзілкеш мектеп жасынан бастап ғашық болған жарына қалай қол жеткенін баяндап берді.

Бұл туралы "Неке сыры" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарайды.

Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман ең өнерлі әрі көңілді отбасы. 14 жыл бұрын отасқан жұп отбасылық қызықтарын баяндады.

"Мен Бақытты алғаш ол біздің мектепке келгенде көрдім. Ол кезде Бақыт 7-сынып оқитын. Сол кезден бастап ғашық болдым. Ол мектеп-интернатта ән айтты. Мектептің гүлі болды. Менен екі жас кіші еді. Бастапқыда маған қарамай жүрді. Кейін үш күн жүргеніміз бар. Одан кейін меп мектеп бітіріп, Алматыға оқуға түсіп кеттім. Сол аралықтарда хат жазып, хабарласып тұрдым. Оны ұмытқан жоқпын. Курстастарыма осындай қызым бар деп айтып жүретінмін. Кейін оқуға келгенде қасында болдым. Ол Алматыға келгенде бірге қол ұстасып жүре бастадық", - деді Әділгерей.

Оның бала махаббатына деген сезімі жайлы достары мен курстастары да біледі.

"Достарына мен туралы айтады екен. Алматыға келгенде маған ұсыныс айтты. Жауабыңды айт деді. Не жөніме жібер деді. Мен оған бауыр басып қалыппын. Оған кет дей алмадым. Солай 1 жыл жүрдік. Келесі жылы отбасын құрдық. Бастапқы жылдары түсінбестік көп болды. Көп жыладым. Көп еркеледім", - деді Бақыт Тұрман.

Қайраттың өте мейірімді, ешкімге арам ойы жоқ екенін оның достары, енесі мен әріптестері растайды. Енесі тұңғышы Бақыттан ақыл сұрап, не нәрсе болсын кеңес алып отыратынын мойындады.

"Қайрат маған балам сияқты. Оны бала күнінен білемін. Ол да мектепте белсенді болды. Мектептегі іс-шараларды басқарып, өлең оқып, ән айтып жүретін. Жақсы араластық. Сол кездің өзінде қандай мәселе болсын Бақыттан сұрайтынмын. Үй шаруасына қатысты болсын Бақытпен ақылдасатынмын. Қайраттың Бақытқа жазған хаттарын да оқығанмын. Олар өз еркімен бас қосты. Мен қарсылық білдірген жоқпын. Қазіргі отбасын көріп, шүкір деймін", - деді Гүлшара Ермұханова.

Қайрат жарының ақшаға қатты адам екенін айтып, көрермендерін күлдірді.

"Бірде Алматыға Бақыт жаңа келген жылдары мен таяқпен жүретінмін. Жол апатына түсіп, аяғымды сылтып басып жүрдім. Өзімде көп ақша болған жоқ. Бақытты таксимен шығарып салып жүрдім. Бір күні 70 теңгем ғана қалды. Барар жерім алыс. Автобус тоқтап қалған. Ұят болса да Бақыттан сұрайын дедім. Жағдайымды айттым. Сөйткенде Бақыт 70 теңге берді. Солай ақсаңдап, Саяхатқа 2 сағат жүріп таяқпен келіп, әрі қарай 150 теңгеге такси ұстағанмын", - деді әзілкеш.

Қайрат отбасында көп ұрыс болмайтынын алға тартты. Алайда ұрысқан сәтте кінәлі болмаса да өзі кешірім сұрайтынын айтады.

"Менің де мінезім бар. Бірақ тез қайтады. Ұзақ ашуланып жүрмеймін. Гүлімді алып, кешірім сұрай саламын. Кінәлі болмасам да сөйтемін. Себебі әйелім менің балаларыма қарап, үй шаруасын реттеп отырған адам. Еркектің отбасында гармония болса, ұрыс-керіс болмаса, ол алаңдамастан қоғам ісіне араласады. Көңілі тыныш болады. Сондықтан оның артында ақылды әйел тұру керек. Ақылды әйелге бәрін тапсыру керек. Бір-бірін тыңдай білу керек. Әйелге комплимент көп айту керек. Көңіл бөлу керек", - деді ол.

Айтуынша, әйел заты барлық адамға, барлық іске бейім келеді. Ал ер адам идеяны жүзеге асырушы. Әйел оған қолғанат болып, демеу беру керек. Сонда ғана отбасы бұзылмай, шаңырағы берік болады деген кеңесін айтты.

Stan.kz




Көрілген: 1495    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 18:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31