Өркениет

Қайрат Әділгерейұлы Болат Назарбаевтың тойын жүргізгені үшін қанша алды

  • Қайрат Әділгерейұлы Болат Назарбаевтың тойын жүргізгені үшін қанша алды

    Қайрат Әділгерейұлы Болат Назарбаевтың тойын жүргізгені үшін қанша алды

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей Болат Назарбаевтың тойын жүргізгені үшін қанша ақша алғанын айтты. Осы орайда ол гонорар үстінен ақша «сындырған» той агенттігіне ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Ритц-Карлтонда бір той болады» деп хабарласты. «Болды, мен боспын» деп жауап бердім. Бағамды айттым, бірақ той иесі кім екенін білмедім. Ұйымдастырушылар, яғни той агенттігі менің үстімнен біраз ақша «сындырыпты». Ал той иесінің кім екенін халық жиналып, қолыма қонақтар тізімін алып келген кезде бір-ақ білдім», - дейді Қайрат Әділгерей.


Бағдарлама жүргізуші өз кезегінде актерге гонорарды табыстаған азаматпен сөйлескенін, сол сәтте Қанат Әділгерейдің ақшаны азсынғанын естігенін жеткізді. «Қайрекеңе 5 пачкі доллар бердім. Сол кезде разы болмады» дегенін жеткізді. Айтуынша, бір пачкіде 10-50 мың доллардай ақша болған.

Алайда актер мұны жоққа шығарды.

«Жоқ. Бізде 50 мың долларға басқаратын асаба жоқ. Ең ұзағы, үлкені – Тұрсынбек қой. №1 деген. Шыны керек, ләжі болса, ондай тойларға қатты жақындамауға тырысамын. Бірақ шақырып, құрметтеп жатса барамын. Ондай тойлардың ауырлау болатынын жасырмаймын. Өйткені, ол жерге жиналған қауым бәрін көрген, ешнәрсемен таңғалдыра алмайсың», - деді ол.


Осы орайда, бай азаматтың тойына қарағанда, қарапайым халықтың 6-7 тойының тізігінін ұстағанды жөн көретінін де жасырмады. 




Көрілген: 2116    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.10.2019, 09:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30