Өркениет

"Қайрат Димашты қайталады": Гүлзира Айдарбекова ұлын сынағандарға жауап берді

  • © Foto: официальный сайт Кайрата Нуртаса

    © Foto: официальный сайт Кайрата Нуртаса

Дубайда концерт өткізген Қайрат Нұртастың басы дауға қалды. Жеке ән кешін берген әншіге желідегілер "Димашты қайталады" деген айып таққан. Бұл сынға Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова REVUE бағдарламасына берген сұқбатында жауап берді.


Оның айтуынша, Қайрат Димашқа дейін шетелде талай концерт беріп үлгерген.


"Шетелдегі концертті Қайраттың 18 жасынан бастап беріп жатырмыз ғой. Бір барғанда Қытайдың он төрт, он бес, он жеті қаласында концерт беріп қайтамыз. Үш, бес, жеті, он мың адамдық стадиондарда бергенбіз. Бірінші рет бара жатқан жоқ", - деп жауап қайырды әншінің продюсері.


Гүлзира Айдарбекова Димаштың дарынын бағалап, құрметпен қарайтынын жеткізді. Ол әншілерді салыстырғандардың әрекетін әбестікке балап отыр.


"Оның (Димаштың) дауысы алты октава ғой. Ол алатын дауысты Қайрат ала алмайды. Бірақ Қайраттың өзінің ерекшелігі бар. Менің ойымша, Қайрат Димаш болып тусам деп армандамайды, Димаш Қайрат болып тусам деп армандамайды. Әрқайсысының өзінің өмір жолы бар", - деді Қайраттың анасы.


Әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерді Қайраттың да көзі шалып қалыпты. Әнші сырт көздің сынын елемейтін көрінеді. Ол шетелдік сапардан ерекше әсерде оралғанын айтты.


"Әдемі, әсерлі өтті. Қазақтар сағынып қалған. Қырғыздар, еуропалықтар, француздар, арабтар болды. Мұның бәрі қызықты сәттер. Бағаланып жатса, неге қуанбасқа?! Мен үшін (сапарды) Дубайдан бастау мотивация болды. Енді түрік еліне қорықпай бара беремін", - деді әнші.


 Sputnik




Көрілген: 643    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31