Өркениет

Қайрат күзетшімен төбелесті деген ақпаратқа қатысты әншінің өкілі пікір білдірді

  • © instagram.com/kair_n

    © instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртасқа Ақтаудағы бесжұлдызды қонақүйдің күзетшісіне шабуыл жасады деген ақпарат тарады. Әншінің өкілі пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Бұған дейін e-gazet.kz басылымы Ақтауда қазақстандық әнші Қайрат Нұртас мас күйде қонақүйдің күзет қызметінің өкіліне шабуыл жасады деген хабар таратқан.

 

Қайрат Нұртастың Instagram желісіндегі парақшасына қарағанда ол расында Ақтауда отбасымен демалуға барған.

 

ФОТО:  www.instagram.com/p/CEjoCS3lYKq/


ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CEldxi8l4a-/

 

Ақтау полициясы Қайрат Нұртастың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғын айтпады. Бірақ бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын растады.

 

"Ақтау қаласындағы қонақүйлердің бірінде бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қалалық полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кінәліге қатысты оның кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады полициядағылар.

 

Әртістің директоры Мира Келімбетова Қайрат Нұртас төбелеспегенін айтты.

 

"Қайрат төбелес шығарған жоқ, ешкімнің мұрнын бұзған жоқ. Бұл жалған ақпарат. Қайрат өте тәрбиелі, дипломат адам. Біреу оның атына кір келтіргісі келген шығар", - деді Мира Келімбетова.

 




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 19:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30