Өркениет

Қайрат Нұртас әкесінің туған күнін қалай тойлатты

  • Қайрат Нұртас әкесінің туған күнін қалай тойлатты

    Қайрат Нұртас әкесінің туған күнін қалай тойлатты

Қазақстандық шоу-бизнестің басты жұлдызы Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне орай, жақындарына көңілді кеш ұйымдастырды. Отбасылық отырыста қонақтар би билеп, Нұртас Айдарбековке өз жүрекжарды тілектерін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ

Жұлдызды әулет мүшелерінің әр туған күні осы уақытқа дейін қашанда ұлан-ғасыр той сияқты өтіп жүрді. Алайда, биыл ел басына түскен карантин деген сынақ кесірінен Нұртас Айдарбековтың жаңа жасы тек ет-жақындарымен, шағын отырыста тойланды.

Әкелерінің 55 жасқа толу кешін ұйымдастыруды толығымен Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдікәрімова өз мойындарына алған. Бұл туралы хитменнің анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында айтып берді.

Белгілі продюсер сүйікті жолдасының туған күні қалай өткенін барша желідегі оқырмандарымен бөлісіп, көңілді кеш кезіндегі видеоларды ел назарына ұсынған.

"Карантинге байланысты, кішігірім етіп, отбасымызбен Нүрекеңнің 55 жасына Қайрат пен Жұлдыз дастархан жайды. Әкелер ұрпағымен бақытты болсын" , - деген жазба қалдырды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекованың күйеуін туған күнімен ерекше құттықтағаны туралы жазған болатынбыз. Ол сүйіктісіне желіде жүрекжарды жазба арнап, онда оған деген ақ тілегі мен өшпес сезімін білдірген. Қайрат Нұртастың анасы отағасын қуанту үшін Дубайдағы демалысын тоқтатып, бірден елге қайтып оралған. Ол жолдасымен отасқанына көп болса да, олардың арасындағы махаббат мүлдем ескірмегенін айтты. 




Көрілген: 2435    Пікірлер: 0

сенбі, 10.10.2020, 02:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30