Қайрат Нұртас Меккеде ауызашар берді

27 сәуір 2022, 16:55

Қазақ эстрадасының жарұын өкілі Қайрат Нұртас қасиетті Меккеде ауызашар берді.

 Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі kairn_one парақшасында тарады. Онда Қайрат Нұртастың Меккеде 150 адамға ауызашар бергені айтылған. Кадрдан ғимараттың ішінде Қазақстаннан Меккеге барған отандастарымыздың дастархан басында отырған байқауға болады.

Олардың арасында белгілі әнші Төреғали Төрәлі мен әкесі Төреәлі Төлепов те бар.