Өркениет

Қайрат Нұртас өзін саяси көзқарасы үшін сынағандарға жауап берді

  • https://www.instagram.com/kair_n/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/kair_n/?utm_source=ig_embed

Қайрат Нұртас өзін саяси көзқарасы үшін сынға алғандарға жауап берді. Әнші халықты татулыққа шақырамын деп "екі жүзді адам" деген сөз естігенін жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы шеруде қамалғандарды босатуды сұрағаннан кейін елдің сөгісіне қалған. Көпшілік әртістің бұл жазбасынан кейін "Нұр Отан" жиынында ән салғанына ашуланып, оған кері пікірлерді жаудыра бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Қайрат Нұртас толассыз сын салдарынан тіпті, парақшасына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қоюға мәжбүр болған. Ашуға булыққан желі қолданушылар оған намысқа тиетін сөздерді жазған.


Саяси көзқарасы үшін сөккен халыққа әншінің айтары бар болып шықты. Қайрат Нұртас Instagram желісінде үлкен жазба қалдырып, билік пен халыққа қатысты өз позициясын түсіндіріп өткен.


"Қазақстан азаматы ретінде, төрт баланың әкесі ретінде елді татулыққа шақырғаныма, "клоун", "екіжүзді" деген сөздерді, тіпті намысыма тиетін сөздерді жазыпты. Иә, мен "Нұр Отанның" делегатымын. Иә, мен Тоқаевқа дауыс бердім, себебі ол кісіден басқа лайықты кандидат көрмедім. Ия, мен Нұр Отанның съезінде ән айттым, өйткені мен әншімін.

Егерде ол жаққа тығылып барып, инстаграмда басқаша сөйлеп отырсам, әңгіме басқаша болар еді. Мен ешкімнен ештеңені жасырған емеспін. Мен алдыңғы күні Үкіметтен шеруде қамалғандарды босатуын сұраған болатынмын, мінекей кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық шеруде қамалғандарды заңға сәйкес босатуды бұйырды. Бұлда бір мұздың қозғалғаны.


Бұл дүние де барлық нәрсе Алланың қалауымен болады. Мен саясаткер емеспін, мен қолында билік бар адам емеспін. Бірақ маған келген миллиондаған xаттарға байланысты, xалықтың уәжін, аманатын жеткізу парызым." , - деп жазды әнші.


Оған қоса, эстрада жұлдызы Тоқаевты президент болуымен құттықтап, қазіргі қоғамдағы басты мәселелерді тізбектеп шықты.


"Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы! Сіздің ресми түрде президент болғаныңызбен шын жүректен құттықтаймын! Аса құрметті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сенім артқаннан кейін мен сізге сенемін.

Сіздің қарапайым екеніңізді, xалыққа жақын екеніңізді де білемін! Қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда, xалықтың бір өкілі ретінде, сізге xалықтың аманатын әлеуметтік желіде жеткізуді жөн санадым! Ең бірінші мәселе жастардың жұмыссыздығы, жастар оқу бітірген соң қайда барарын білмей қаңғып жүргендері аз емес.


Екінші мәселе, қарапайым xалықтың алатын айлығы өте аз, көп адамның ашынып отырғаны да осы мәселе. Өз сөзіммен айтқанда былай тартсам да жетпейді, былай тартсам да жетпейдінің күйін кешіп отыр. Осы мәселелердің оң шешімін табатынына күмәнім жоқ.


Биылғы 2019 жыл Жастар жылы болуына байланысты жастарды қолдауыңызды және де Нұр Отанның делегаты ретінде, жастардың бір өкілі ретінде мені қабылдауыңызды сұраймын! Ешбір қазақтың жыламағанын Сізде, менде қалаймыз! Үлкен рақмет" , - деп жазған Қайрат Нұртас.


Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың үкіметтен қамалған жандарды босатуды сұрағанын жазған болатынбыз. Әнші бүгін елді татулыққа шақырып, заңсыз митингке шыққандарға арнайы өлең жолдарын арнаған.


 




Көрілген: 1157    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 17:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30