Өркениет

Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды (фото, видео)

  • https://www.instagram.com/almaty.tv

    https://www.instagram.com/almaty.tv

Алматыда мониторингтік топ рейд кезінде мекемелердің бірінде 80 адамның қатысуымен өткен жиынның үстінен түсті. анықталды.

 

"Адамдар арасында әнші Қайрат Нұртас та болды. Ол әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру үшін бәрімен бірге полиция басқармасына жеткізілді", - делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.

 

Барлық адамдарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі (1 АЕК – 2 917 теңге) айыппұл салынғаны хабарланып отыр.

 

Желіде тараған видео

 

Желіде тараған видеода қазақстандық әншілердің мекемеден асығыс шығып кетуге тырысқан сәті түсірілген. Мейрамхана Медеу ауданында орналасқан.

 

Мониторингтік топ карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған мейрамханаға тексеріспен барған. Алайда мекеме басшылығы есікті үш сағат бойы ашпапты. Терезелерін жарық көрінбейтіндей етіп қараңғылап тастаған. Амалы қалмаған топ мүшелері электр мамандарын шақырып, жарық жүйесін кесіп тастады.

 

 

Қайрат Нұртас болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

 

"Ассалаумағалейкум! Не әңгіме? Қашты дей ме? Алматыда жүрміз. Кеше бір ағамыздың туған күніне барып едік. Дәл мені ұстағысы келді ме, білмеймін. Маған қарап қалды ма? Бірақ Алланың көзі түзу болсын. Құдай бар ғой. Жақсылық болсын!"- деді Нұртас Instagram парақшасында.

 

 

 

 




Көрілген: 1776    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 11:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31