Өркениет

Қайрат Нұртасқа қастандық жасамақ болған әнші кім

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Қайрат Нұртас өнердегі әріптесі өзіне қастандық жасамақ болғанын жайып салды. Хитменнің танымалдылығын көре алмаған әнші белгілі қазақстандық композиторге ақша беріп, енді оған ән жазуды тоқтатуын талап еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ

Қайрат Нұртас өзімен бір сахнаны бөлісіп жүрген әншінің осындай әрекетке барғанын "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтып берді.

 

Алайда, хитмен шығармашылығына кедергі келтірмек болған жұлдыздың есімін атамай қойса да, оқиғаға қатысы бар композитордың атын жария етті. Ол Бауыржан Есебаев болып шықты.

 

"Кім екенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ, ол әнші Бауыржан ағамызға ақша берген, үй әперген. Содан кейін, "Қайрат Нұртасқа ән жазба деген".  Енді бұл жерде келіп, маған ренжіп тұр да. Осы ағама менен содан кейін бір ән жаздыра алмай кеттім. Неге? деген сұрақтар туындады. Сөйтсем, басқа әншілерге әндерін бере бастапты" , - деп бар шындықты айтты ол.

 

Бұл жағдайға қатысты Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова да пікір білдірді.

 

"Сырымға жазды, Ернар Айдарға жазды. Басқа әншілерге жазып жүрген. Сырттан естігенім, біраз адамдар "бізге жазасыз, бірақ Қайратқа жазбайсыз" деп айтқан. Оған сенбейін десем, шын мәнінде содан кейін Бауыржан бізге ешқандай ән де жазбай кетті. Оның әнін қанша әнші айтса да, ешкім оның атын шығарған жоқ. Негізі Бауыржанның атын бірінші болып, Қайрат шығарды деп ойлаймын" , - деді Айдарбекова.

 

Сұхбат соңында эстрада жұлдызы Бауыржан Есебаевқа өз үндеуін жеткізді.

 

"Бауыржан аға көп рахмет сізге. Негізі ағамды қатты жақсы көремін. Денсаулығы мықты болсын. Мен алып беремін деген нәрселердің бәрін алып бере қояйын. Бірақ, бақыт онда емес қой аға" , - деді Қайрат Нұртас.




Көрілген: 3377    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 14:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31