Хит әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова студент кезінде жеңіл жүрісті қыздың рөлін сомдаған. Ол бұл рөлден бас тарта алмапты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Жұлдыз бұл жайында өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Әбдукәрімова студент кезінде театрдағы түрлі рөлдерді сомдаған. Тіпті жеңіл жүрісті қызды ойнап, ұстазының жоғары бағасын алыпты. Актриса кез-келген жағдайда өз рөлін әдемі ойнап шығуға міндетті дейді ол.
Мен бас тарта алмадым. Себебі мен актрисамын. Өзі кішкентай болғанымен, сондай қиын болды. Жезөкшенің бар болмысын ым-ишарамен ойнап шықтым. Сол кезде ұстазымыз: "Үлкен не кішкентай деген рөл болмайды" деген еді, - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.
Айта кетейік, Жұлдыз Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында актриса мамандығы бойынша білім алған.