Өркениет

Қайрат Нұртастың қонақүй күзетшісімен төбелескені рас па

  • https://livemusical.kz/

    https://livemusical.kz/

Қайрат Нұртастың Ақтау қонақүйлерінің бірінде күзетшімен төбелесіп, оның мұрнын бұзғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тәртіп сақшылары бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Полицейлер қонақүйде төбелестің болғанын растап отыр, алайда төбелеске әншінің қатысы бар-жоғын айтуға құқылары жоқ екенін алға тартты.

 

"Әншінің күзетшімен Ақтау қонақүйлерінің бірінде төбелесіп, оның мұрнын бұзғаны" туралы ақпаратты e-gazet басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап жария еткен.

 

Сол арада Tumba.kz басылымы Маңғыстау облысы полициясының департаментіне бұл жайтқа қатысты сауал жолдап, Қайрат Нұртастың істің фигуранты екендігі қаншалықты рас екенін анықтауға тырысқан.

 

Мекеме қонақүйдегі төбелес фактісі бойынша қаланың полиция басқармасы соталды тергеу жүргізіп жатқанын растады.

 

Ал Қайрат Нұртастың бұл дау-дамайға қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз. Себебі, полицейлер өзге ақпаратты тергеу жүргізіліп жатқандықтан, жария ете алмайтындарын алға тартқан.

 




Көрілген: 1706    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 09:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31