Өркениет

«Қазақ хандығы» телехикаясын Түркия мен Қытай компаниялары сатып алды

  • «Қазақ хандығы» телехикаясын Түркия мен Қытай компаниялары сатып алды

    «Қазақ хандығы» телехикаясын Түркия мен Қытай компаниялары сатып алды

Отандық тарихи кинотуындылар Түркия және Қытай елдерінде көрсетіледі. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазақфильм" АҚ хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) көркем фильмдерін және «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия (&ldquoDuru Filmcilik&rdquo) және Қытайдың (&ldquoMagic Fair&rdquo) дистрибьютерлік компаниялары сатып алды.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы «Алмас қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.

Бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, «Қазақфильм» киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.

Көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген «Қазақ хандығы» жобасы XV ғасырдағы көшпелі қазақ тайпаларының басын қосқан қазақтың алғашқы хандары &ndash Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды.

Айта кетсек, Youtube желісіне жүктелген «Алмас қылыш» фильмі 7 миллионға  жуық қаралым, сондай-ақ, Ресей, Түркия, Америка сынды басқа да   елдердің көрермендері қалдырған 12 мыңнан астам пікір жинаған. 

Қазіргі уақытта тарихи кинодастанның Netflix стриминг платформасында шығуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 00:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31