Өркениет

Қазақ киносы тағы бір комедиямен толықты

  • Фото: ғаламтордан

    Фото: ғаламтордан

Қазақ киносына өзгеше серпін берген жас режиссер Ален Ниязбековтың тағы бір туындысы көрерменге жол тартты деп хабарлайды nege.kz.

 

«Без крыши» деп аталатын кинокомедия қоғамдағы өткір тақырыпты әзілмен ұштастырған. Баспаналы болу жолында қиындыққа тап болған жас жұбайлар туралы туынды «Kinopark және Kinoplexx» кинотеатрлар желісінде көрсетіліп жатыр. Бұл режиссер Ален Ниязбековтың көрерменге жол тартқан кезекті туындысы. Жас режиссер қоғамдағы пәтерсіз жүрген жастар мәселесін комедия арқылы жеткізген. Сценарий бойынша Жандос пен Меруерт есімді жас жұбайлар үй алу үшін жинаған қаражатын үлескерлік құрылысқа салып, артынша алданып қалады. Оқиға Алматы қаласында өрбиді.

 

Режиссер Ален Ниязбеков: «Фильм Алматы қаласында түсірілді. Туындыға жан бітіру үшін әртүрлі жерлерде түсірдік. Бұл экшн комедия динамикаға толы болғандықтан көрермендерді баурап әкетеді. Мен осыған дейін 150-ден аса бейнебаян түсіргенмін. Сондықтан түсірілім орындары сан алуан. Бұл туындыны 24 күнде түсіріп шықтық», – деді.

 

Әділдікке қол жеткізбек болған Жандос түрмеге түсіп, өмірге деген жоспары мен үміті үзіледі. Жазасын өтеп шыққан соң баспана мәселесі қайтадан басталып, әділдік жолындағы күрес жалғасын табады. Үйлі болу үшін арпалысып жүрген жас жұбайлардың өмірі фильм соңында күрт өзгереді. Айта кетейік, туындыны кино саласының мамандары жоғары бағалады.

 

Фильмнің продюсері Тимур Бақтыбаев: «Тақырыбы өте жақсы таңдалынған негізі қазіргі кезде Қазақстанда үй салуға адамдар өз ақшаларын салып, одан үйін ала алмай жүрген қаншама адамдар бар. Мына әлеуметтік теманы жақсы таңдаған негізі. Бұрын Еркебұланды кинодан көп көрмейтін едік, бұл жерде басты рөлде ойнаған, жақсы алып шықты», – деді.

 

 Басты рөлдерді Еркебұлан Мырзабек пен Жанель Мақажан ойнайды. Ал, оларды алдып соққан құрылыс компаниясының басшысын Азамат Сатыбалды алып шыққан. Туындының мақсаты – көрерменге кез келген қиындықтан шығуға болатындығын және төзімділіктің нәтижесін көрсету. «Без крыши» шытырманды комедиясын көрермен «Kinopark және Kinoplexx» кинотеатрлар желісінен көре алады.

 

 

 




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 21:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31