Өркениет

Қазақ қызы Корея сахнасын бағындыруда

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Оңтүстік Кореяның үлкен сахнасында алғаш рет қазақ аруы өнер көрсетті. Жиырма жастағы Айғаным Жалинова бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ол өз талантымен бүкіл әлемге танымал болуды армандайды. Жақында Айғаным өнер көрсететін музыкалық топтың тұсаукесері өтеді.

 

Студент Айғаным Жалинованың күнделікті тіршілігі осылай өтеді. Таңнан кешке дейін вокал мен би сабақтары.

 

Жергілікті «Альфа Рэй» тобындағы жалғыз шетелдік &ndash Айғаным. Топ мүшесі атану үшін ол мыңдаған адам бақ сынаған көпсатылы кастингтен өткен.

 

Кореяда тұрған екі жарым жыл ішінде ол жергілікті дәстүр мен корей тілін жақсы меңгеріп те алған.

 

Айғаным Жалинова, корей тобының мүшесі:

 

&ndash Корея адамдары өздерінің ойларын тіке айтпайды. Ұнамаса да ұнады деп айналдырып айтады. Ал бізде тікелей айтып тастаймыз ғой. Сол жағы кішкене қиын болды. Сосын айырмашылығы, бізде Қазақстанда 24 сағат бойы жұмыс жасайтын дүкендер жоқ. Ал мында 24 сағат жасайтын дүкендер бар. Біз көбіне тамақты үйде жасайтын болсақ, олар көшеге шығып, мейрамханада немесе асханаларда тамақтанғанды жақсы көреді. 

 

«Алтын белгі» иегері өз өмірін шығармашылықпен байланыстырамын деп ойламаған. Өйткені ол мектеп қабырғасында жүргенінде музыкалық жарыстарға емес, математика және информатика пәндері бойынша олимпиадаларға қатысатын.

 

Бірақ Кореяға ол эстрадалық топтың мүшесі атану үшін арнайы мақсат қойып келген. Нәтижесінде талантты қызды жиырма жылдық тәжірибесі бар, білікті маман, француз продюсері байқады.

 

Оның компаниясының мақсаты &ndash Шығыс пен Батыстың мәдениетін біріктірген команда құру. Бұл мақсатқа қазақстандық қыз толық сәйкес келді.

 

Джун Хе Шпильман, компания директоры, продюсер:

 

&ndash Қазақ қыздары өте әдемі. Жалпы халқы өте әдемі, мәдениеті жоғары, Қазақстан &ndash Еуропа мен Азияның арасында орналасқан ерекше ел.

 

Топ мүшелері дебютке дайындалуда. Ал бос уақытында Айғаным оларға қазақ тілін үйретеді. Ақтөбелік Айғаным Димаш Құдайбергенмен бір мектепте оқыған екен. Әлемге танымал жерлесі секілді өршіл қыздың да алға қойған мақсаты биік.

 

Айғаным Жалинова, корей тобының мүшесі:

 

 &ndash Кореяда ғана емес, бүкіл әлемде танымал болуға мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Өйткені ұжымымда бірге жұмыс жасап жатқан адамдардың барлығы тамаша жандар.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 3132    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.12.2020, 23:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28