Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақ телевизиясының ардагері

26 сәуір 2011, 15:40

Қазақ телевизиясының ардагері, жазушы, сыншы, драматург әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалин 70 жасқа толды. Айтулы дата қарсаңында Астана қаласында мерейтой иегерінің құрметіне арналып «Тіл сардары» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
Қаламгердің мерейтойы елордадағы Кон­гресс-холл сарайында аталып өтілді. Сұл­тан Шәріпұлы қазақ халқына тек жур­на­лист, жазушы, сыншы, драматург ретінде ғана танылған жоқ. Күллі Алаш баласына атпал азамат, жан-жақты талант иесі ре­тін­де танылып үлгерді. Ол өмірге өткір ма­қа­лалар жазып, қаламы жүйрік журналист, ал әдеби туындыларымен талантты жа­зушы болып қадам басты. Қазақ теле­ви­зия­сы мен әдебиетіне жаңа үрдіс қа­лып­тас­тырып, мемлекеттік тілдің дамуына ат­салысты. Қазақ тілінің жоғын жоқтап, Тіл комитетінің тұңғыш төрағасы болды.
Оны кешке жиналған қаламгердің туған-туысқандары, үзеңгілес жол­дас­та­ры, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері де там­сана айтумен болды. «Сұлтан өте та­лантты болды. Университетті бітіре салып, те­левизия саласына келді. Сол кезде көп­теген жаңа бағдарлама ашты. Оның өз за­ма­нындағы «Сұхбат» атты бағдарламасы күл­лі Одаққа танымал бағдарламаның бірі бол­ды. Ақындар айтысын алғаш рет теле­дидарға шығарған осы Сұлтан болатын. «Қы­мызхананы» да ашқан – осы кісі. Мен оны теледидардың тарланы дер едім», – дейді филология ғылымының докторы, әдебиеттанушы Сейіт Қасқабасов.
Кеш Сұлтан Оразалиннің бала кезін бей­нелейтін көріністен басталды. Қара ша­ңырақтың ең кенжесі, еркесі бола тұра, бала Сұлтан өте зерек, ақылды болып өсе­ді. Әкесінің сұрапыл соғыстағы қаза­сы­нан кейін батыр болуды армандаған ол көп ұзамай-ақ тынымсыз еңбек етіп, күллі қиын­дықты жеңіп шығады. Бұл, әрине, қаламгердің бала кезіндегі өмірін арқау еткен шағын көріністің бір қыры ғана. Әйтпесе Сұлтан Оразалиннің жазушылығы мен әдебиет саласында еткен ерен еңбегін айтпағанда, Қазақ телевизиясына сіңірген істерінің өзі неге тұрады?
70-ке келсе де, Оразалин аттан түспек емес. Өмірге деген құлшынысы мен танымдық тереңдігі қаламгерді әлі талай шың­дарға жетелері сөзсіз. Кеште достары мен әріптестерінің алдында: «Әлі де шамам жет­кенше, қаламым қолымнан түсіп кет­кен­ге дейін халқыма еңбек етемін. Мақ­сатым – ха­лыққа пайдасы тиетін сөз жа­сау», – деп ерек­ше тебіреніс танытуы осы­ның дәлелі бол­са керек. «Атқарылып жатқан ша­руалар, түсі­ріліп жатқан фильмдер бар. Мінеки, осы ісім­ді ары қарай жалғастырып, тағы да со­лардың көлемін көбейтіп, сапа­сын арт­ты­­рып, халыққа қажетті дүниелер жа­са­сам... Жоспарлап жүрген кітаптарым бар», – дей­ді жа­зушының өзі ел үшін ат­қа­рар әлі талай шаруасының барын аң­ғар­тып.