Өркениет

"Қазақша сөйлегеніміз үшін таяқ жедік": Продюсер бостан өткен оқиғасымен бөлісті (видео)

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

«Ұлы дала зары» фильмінің продюсері Ернар Мәліков «New Alash» ютуб каналына сұхбат берді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды

 

"Тілеуханұлымен сұхбат" бағдарламасының қонақ болған «MG Production» кинокомпаниясының негізін қалаушы Ернар Мәліков ашаршылық тақырыбы бойынша тың мәліметтер келтіріп мен Кеңес Одағы тұсында көзқарасының өзгеруіне не түрткі болғаны жайлы айтты.

 

«Кеңес Одағының ыдырауына ең бірінші себепкер болған «желтоқсан оқиғасы» деп ойлаймын. Мен ол кезде Павлодарда оқып жүргенмін. Индустриалды институтының энергетика факультетінде. Сол кезде бізді арнайы жасақ жатқанаға келіп қоршап алды. Қазақша сөйлейтін студенттермен қақтығыс болды. Жігіттердің бәрі қазақ топтарында оқыды, мен өзім қазақ мектебін бітіренмін. Шымкенттен, Семейден, Өскеменнен келген қазақтар, ұлттық топ деген болды ғой ол кезде. Бізді «қазақтың шешендері» дейтін. Өйткені жатақханада тұрамыз, қазақша сөйлейміз. Сол кезде неге қазақша сөйлейсіңдер деген желеумен үлкен қақтығыс, төбелес болды. Бізді былайша айтқанда быт-шытымызды шығарып, сойып салды. Мені үш жерден пышақтап, тастап кеткен. Мені тауып алып ауруханаға әкелген кезде тамырым соқпай тұрған. Өлді деп ойлап шетке лақтыра салады, бәрібір моргке кетеді деп. Ол кезде сапырылыс болып жатқан.

Сонда Семей мединститутын бітірген бір қазақтың жігіті қасымнан өтіп бара жатып кірпігімнің ақырын қимылдап жатқанын байқап қалған. Тамырым соқпасада жүректің әлсіз соғып тұрғанын анықтап, содан аман қалдым»

 

 

 

 

 




Көрілген: 3324    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 18:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31