"Қазақстан аруы-2016" байқауының қатысушысы шулы мәлімдеме жасады

23 желтоқсан 2022, 15:02

"Қазақстан аруы-2016" байқауына қатысушылардың бірі финалға беделді досының арқасында өткенін айтты. Zakon.kz редакциясы пікір алу үшін байқауды ұйымдастырушылар мен осы оқиғаға қатысы бар адамдарға жүгінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бойжеткеннің видео хабарламасы Egovpress telegram-арнасында пайда болды. Жарияланған видеода "Қазақстан аруы-2016" байқауының қатысушысы Айткүл Нұрманова "Астана Опера" театрының жетекші солисі Сүндет Байғожиннің оны басқа турларды айналып өтіп, финалға шығарғанын айтты.

 

Айткүл Нұрманованың айтуынша, 2016 жылы Қазақстанның басты баритоны Сүндет Байғожин онымен кездесіп, көңілін білдіріп жүрген. Әңгіме барысында қыз сұлулық байқауына қатысқысы келетінін айтқан.

 

"Ол байқаудың директорымен кездесу ұйымдастырып, мені қуантқысы келді. Кездесуде менің сыртқы келбетім бағаланды. Келісімнен кейін мен басқа турлардан өтпей-ақ бірден сұлулық байқауының финалына шықтым. "Қостанай аруы" атансам да, жергілікті вокалдық байқауларға қатысым жоқ", – дейді Айткүл Нұрманова.

 

Жағдай туралы түсініктеме алу үшін Zakon.kz өткен жылдардағы жобаларды 2022 жылға дейін ұйымдастырып жүрген "Мисс Казахстан" ұлттық байқауының бұрынғы президенті Алена Ривлина-Қырбасоваға жүгінді. Кейінгі уақытта Алена "Мисс Казахстан" Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және байқаудың жаңа ұйымдастырушыларының кеңесшісі болды.

 

Алена Ривлина-Қырбасова:  

 

– 2016 жылы байқауда "Мисс Instagram" сияқты қосымша номинациялар болды. Мысалы, Алматы мен Астанада кастингтер өткіздік. Себебі мұнда өңірлерден келіп, оқып, жұмыс істеп, тұрып жатқандар бар. Конкурсқа келгенде олар қай өңірден екенін айтады және біз соған қарай қатысушыны сол аймаққа жатқызамыз. Ол үшін қыздар басқа қалаға ұшып кетуі шарт емес. Алматы мен Астанада оқуыңызды үзбей номинацияға қатыса аласыз, келіп өз қалаңызды жариялай аласыз. Бұл экономикалық тұрғыдан да оңтайлы. Әйтпесе әр қатысушының, әр қыздың ата-анасының қайта-қайта ұшуды қалтасы көтере бермейді.

 

Алена 2016 жылы "Мисс Казахстан" байқауы кезінде "Мисс Instagram" номинациясы бойынша үш қыз таңдалғанын түсіндірді: Алматы, Астана, Атырау және ұлттық қазылар алқасына қостанайлық қыз ұнады.

 

Алена Ривлина-Қырбасова:

 

– Біз мұны тәжірибеде өткіземіз, ол байқау туралы ережеде жазылған. Біз халықтың түрлі тобындағы қыздардың қатысуына мүдделіміз, бірақ бұл оның Қостанай аруы болды дегенді білдірмейді.

 

"Бұрынғы сайыскердің мұндай бейне мәлімдеме жасауына не түрткі болуы мүмкін?" деген сұраққа Алена мұндай жағдай жиі болады деп жауап берді. Оның ойынша, сұлулық байқауының бұрынғы қатысушылары өзінің бұрынғы тартымдығын жоғалта бастағанда осылай өздері жайлы айта бастайды.

 

Алена Ривлина-Қырбасова:

 

– Өкінішке қарай, жыл сайын осындай жағдайға тап боламыз, жыл сайын түрлі себеппен архив ақтаруға, бұрынғы қатысушылардың қандай да бір жанжалды мәселеге қатысты баспасөздің сұрақтарына жауап беруге тура келеді.

 

Біз бұл мәлімдемеге қатысты пікір алу үшін Сүндет Байғожинге хабарласуға тырыстық. Белгілі болғандай, ол гастрольдік сапармен Италияда жүр. Қазақтың белгілі опера әншісі жаңалық жарияланған тұста редакциядан келген қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеді.