Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстан таланттарға мүмкіндік бере білуі керек - Иманбек Зейкенов

16 қараша 2022, 12:19

 Grammy иегері Иманбек Зейкенов Астанада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар форумына онлайн режимде қатысып, Қазақстанның болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бірнеше елде жұмыс істеп жүрмін. Сол елдерден Қазақстанға оралғанда үнемі бір өзгерістердің болып жатқанын көремін. Бұл мені шын мәнінде қуантады. Мен Қазақстанның үні жақсы мағынасында қатты шығуы керек деп ойлаймын. Елімізді бүкіл әлемде танып, құрметтегенін, Қазақстанды бейбітшілік орнатушы ретінде танығанын қалаймын», - деді музыкант.
Оның пайымынша, Қазақстанның өңірлерінде қолдау таппай жүрген талантты жастар көп.

«Қазақстан алдағы 7 жылда қалай өзгеруі керек дегенге келсек, ол мүмкіндіктер бере білуі қажет. Өйткені, менің байқауымша, өңірлерде таланаттар өте көп. Бұл – шындық. Үкіметіміз осы таланттардың дамуына қандай да бір шешім қабылдауы керек. Бізде Google-де, Facebook-те жұмыс істеп жүрген ақылды жастар өте көп. Олар туралы көп естідім және оқыдым да. Менің кезінде бірге оқыған, кейін ІТ саласында білімін жетілдіріп, жақсы ақша тауып жүрген достарым бар. Қазақстандықтар ІТ тілінде жақсы ойлай біледі. Біздің ІТ мамандар табысы бір миллиард доллардан асатын «unicorn» комапнялар құра алады деп үміттенемін. Алдағы 7 жылда Қазақстан біз ғана қайта оралғымыз келіп тұратын ел емес, шетелдіктер де бір барып көруді армандайтын, мекен етуді қалайтын елге айналғанын қалаймын», -деді Иманбек Зейкенов.

ҚазАқпарат