«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Қорқыт» тарихи телехикаясына кастинг жариялайды

30 шілде 2022, 14:39

Осы орайда тарихи тұлғаның аңыз-әфсанаға толы өмірі мен шығармашылығы туралы 4 бөлімнен тұратын көркем туынды актерлеріне кастинг жарияланады.

Телехикаяға өнертанушы, этнограф Берік Жүсіпов кеңесшілік етеді. Жоба продюсері - Шолпан Батырбаева.

Кастингке:
Басты кейіпкер Қорқыт рөліне 15 пен 40 жастағы ер-азаматтар;
Қарт Қорқыт рөліне 70 жас шамасындағы ер адам;
Сондай-ақ қосалқы рөлдерге 25-40 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео, фильмография) 2022 жылғы 15 тамызға дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс.

Қосымша ақпарат: +7 777 022 13 22.

kaz.caravan.kz