Өркениет

Қазақстанда фильмдерді дубляждау мен мемлекеттік тілге аударуға қойылатын талаптар күшейтіледі

  • Қазақстанда фильмдерді дубляждау мен мемлекеттік тілге аударуға қойылатын талаптар күшейтіледі

    Қазақстанда фильмдерді дубляждау мен мемлекеттік тілге аударуға қойылатын талаптар күшейтіледі

Қазақстанда кинотеатрларда көрсетілетін фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Норма көрнекі ақпарат мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілетін түзетулерде қамтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте құжатты талқылау барысында депутат Зульфия Сүлейменова қолданыстағы кинематография туралы заңда Қазақстанда фильмнің прокаты мен көрсетілуін қазақ тілінде емес субтитрмен немесе қазақ тіліне дауыстық аудармамен қамтамасыз ету көзделгенін еске салды.
"Заң жобасында орфография және аударма талаптарына сәйкес қазақ тіліне дубляж жасау кезінде сөздер тәртібін сақтау, сөйлемдерді дұрыс құрастыру және айтылымдар бөлігінде жаңа талап енгізіледі. Осыған байланысты фильмдерді прокаттау кезінде жаңа талаптардың орындалуы бойынша тексеру жүргізудің қандай тетігі болады деген сұрақ туындайды", - деп мәжіліс депутаты Мәдениет және спорт министрлігінің басшысына жүгінді.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Заң аясында Қазақстанға әкелінетін фильмдер дубляждалып, субтитрлермен немесе кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтті.

"Фильмдерді қазақ тіліне дубляждау кезінде сөздердің орналасу тәртібін сақтау, дұрыс құрастыру, айтылу, шынайылық, дұрыс мазмұн, орфографиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында біз осындай норманы қарастырдық. Аталған нормалар бұзылған жағдайда, егер шағымдар түсуі жалғасатын болса, онда осы Заңға сәйкес біз прокаттау куәлігін екі айға тоқтатамыз", &ndash деді министр.

Бұл ретте, егер картина жасаушылар ескертулерді ескермесе және орфографиялық қателіктері немесе мәтіннің бұрмалануы бар фильмдерді прокаттауды жалғастыра берсе, онда Мәдениет министрлігі прокат сертификатын тоқтатуға немесе толығымен қайтарып алуға және оны қайтадан бермеуге құқылы.

Жаңа заңнамалық талаптар шеңберінде мұндай қателіктерге жол беру ақпараттың бұрмалануы ретінде бағаланады.

Заң жобасының нормаларын талқылағаннан кейін депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.




Көрілген: 1529    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 13:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30