Өркениет

Қазақстанда жаңа телеарна ресми түрде ашылды

  • Қазақстанда жаңа телеарна ресми түрде ашылды

    Қазақстанда жаңа телеарна ресми түрде ашылды

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары жаңа арнаны "ABAI" деп атаудың екі себебін атады

Бүгін  астанадағы Қазмедиа орталығында "Qazaqstan" телерадиокешеніне кіретін ABAI TV арнасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа арнаның ұраны – "ABAI TV арнасы – ақыл-ойдың айнасы". Оны барлық кабельдік және спутниктік теледидардан көруге болды. Жаңа арнада мәдени мұра жәдігерлері, салт-дәстүрлер мен төл туындылар, тұлғалар тарихы, Хәкім Абай шығармалары, отандық және әлемдік классика жауһарлары көрсетіледі, озық мәдениет кеңінен насихатталады.

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың айтуынша, ABAI TV "шенеуніктер арнасы" болмайды.

"Зиялы қауым өкілдерімен кездесіп жүргенде мәдениетіміз бен дәстүріміз туралы бір арна керек деп үнемі айтушы еді. Осы арнаны өздеріңізге ашып отырмыз. Бұл шенеуніктердің арнасы емес, сіздердің арналарыңыз болады. Сондықтан жаңа арнаның жұмысына атсалысуға шақырамын", – деді Абаев бүгінгі салтанатты жиында.

Бұдан бөлек, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары жаңа арнаны "ABAI" деп атаудың нақты екі себебін атады.

"Жаңа арнаның "ABAI" деп аталуы тегін емес. Біріншіден, мәдени-ағарту бағытындағы жалғыз телеарнаға ұлт руханиятының темірқазығы – Абайдың атын беру өте орынды. Өйткені ұлы ақынның өнегелі жолы әлі талай ғасырға жалғасатын болады. Екіншіден, жаңа телеарна төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды мақсат етіп отыр", – деп атап көрсетті Абаев.

Осы орайда жазушы Сұлтан Оразалин да өз құттықтауын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі қиын жағдайға қарамастан халықтың көңілін көтеретін жаңа телеарнаның ашылуы – орынды іс.

"Абайдың аты өте ардақты. Сондықтан осы арнаны басқаратын және сонда істейтін қыз-жігіттердің мойынына өте ауыр жүк артылады. Сіздер Абай атын алғаннан кейін Абай атамыздың әділдігін, Абай атамыздың ойын, ғажайып жырларына тән әдемі нәзіктік пен сұлулықты, оның әндеріндегі ғажайып мелодиялардың бәрін сол биіктен көрсете білуілеріңіз керек. Соған тілектеспін!", – деді Оразалин.




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31