Өркениет

Қазақстанда туған танымал актер өмірден озды

  • Қазақстанда туған танымал актер өмірден озды

    Қазақстанда туған танымал актер өмірден озды

Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген Виктор Проскуриннің әкесі этникалық қазақ

Танымал кеңестік және ресейлік киноактер Виктор Проскурин 68 жасында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның жұбайы Ирина Хонда әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"30.06.2020 Витюша, Виктор Алексеевич Проскурин көз жұмды. Менің – жан жарым. Менің – досым. Не айтарымды білмей, есеңгіреп тұрмын. Күтпеген жағдай, ойламаған жерде келген қаза. Бақұл бол, менің қымбатым... Жатқан жерің жайлы болсын... Сені жақсы көремін! Құрметтеймін. Сені ешқашан ұмытпаймын! Рахмет саған. Сенің Хондаң", - деп жазды актердің жұбайы өзінің Facebook парақшасында.

Киноактердің неден қайтыс болғаны жазылмаған.

Виктор Проскурин туралы не білеміз

Ол 1952 жылы 8 ақпанда Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Әкесі – этникалық қазақ. Артынан ата-анасы ұлымен бірге Мәскеу қаласына көшіп барған. 

Виктор Проскурин актерлік шеберлікке бала кезінен бастап қызықты. Мектепте оқып жүргенде әдебиет үйірмесіне жазылып, артынан Пионерлер үйіндегі театр студиясына барды. Сол жерде оны Горький атындағы киностудия режиссерінің кеңесшісі байқап, "Орлята Чапая" фильмінде ойнауға шақырды.

Умер актер Виктор Проскурин
© RIA NOVOSTI.
Виктор Проскурин Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген

Мектептен кейін Виктор Проскурин театр өнері бойынша бірнеше жоғары оқу орнына түсіп көрді. Бірақ өтпей қалды. Төртінші рет тапсырғанда тағы ұпайы жетпеді, алайда қосымша қабылдау ашылған соң, Щукин училищесіне түскен.  

Виктор Проскурин әр жылдары Таганкадағы театрда, Мәскеудегі Ленин комсомолы театрында және Ермолова атындағы театрда ойнаған. Ал  "Большая перемена" фильміндегі Гена Ляпишевтің рөлі мен "Выйти замуж за капитана" фильміндегі КСРО МҚК шекара әскерінің капитаны образы арқылы халық арасында кеңінен танылды.

Сондай-ақ, "Пиковая дамадағы" – Герман, "Жестокий романс" фильміндегі – көпес Вожеватов және тағы басқа туындылармен есте қалды.




Көрілген: 704    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 22:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31