Өркениет

Қазақстандағы балалар кітабы апталығы: танымал жазушылар онлайн режимде сөз сөйлейді

  • Қазақстандағы балалар кітабы апталығы: танымал жазушылар онлайн режимде сөз сөйлейді

    Қазақстандағы балалар кітабы апталығы: танымал жазушылар онлайн режимде сөз сөйлейді

Биыл коронавирус індетінің таралуына байланысты Қазақстандағы балалар кітабы апталығы онлайн режимде өтеді

21 наурыздан 29 наурызға дейін Қазақстанда онлайн режимде Балалар кітабы апталығы өтеді. Жобаның бастамашыларының бірі – Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі.

Акция жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған, мектеп оқушыларына мәжбүрлі демалыстарын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы балалар кітабы апталығының аясында онлайн форматта шығармашылық кездесулер, дәрістер, қызықты сайыстар өтеді. Ересектер жас кітапқұмарлармен әдебиет және басқа тақырыптар туралы сөйлеседі.

Қазақстандық және ресейлік балалар жазушылары жас оқырмандарға өздерінің шығармашылығы жайлы айтып беріп, жаңа туындыларымен таныстырады.

Спикер ретінде кімдер сөз сөйлейді

Кітап акциясында Қазақстаннан жазушы Толымбек Әбдірайым, ақын, жазушы, жүргізуші, AVANGARD шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Дина Ораз, балалар жазушысы және сценарист Зәуре Төреханова, жазушы және ақын Дария Жұмагелдинова, ақын Тілеуғазы Бейсенбек және жазушы Сандуғаш Нұрқанова сөз сөйлейді.   

Ресейден: балалар жазушысы, ақын, сценарист, Бүкілресейлік балалар кітаптары апталығының жетекшісі Андрей Усачев, жазушы, "Смешарики" және "Фиксики"  жобаларының авторлары мен сценаристерінің бірі Игорь Шевчук, биофизик, физика-математика ғылымдарының докторы Юрий Нечипоренко, жазушы және психолог Анна Гончарова, ақын және аудармашы Анастасия Строкина, көптеген беделді сыйлықтың иегері Татьяна Рик.

Белгілі қазақстандықтар мен ресейліктердің өздерінің сүйікті балалар кітаптары мен кітап кейіпкерлері туралы әңгімелері жобаның маңызды бөлігі болады.

Жазушы Олжас Сүлейменов, Ресей президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой, қазақ ақыны Бақытжан Қанапиянов, Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, жазушы және драматург Юрий Поляков, журналист Кирилл Привалов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Әбдірахманов және ақын Александр Лебедев естеліктерін және әсерлерін бөліседі.

"Апта" аясында балалар конкурстары да өткізіледі. Жеңімпаздарға жүлделер мен сыйлықтар беріледі.

Айта кету керек, Қазақстандағы балалар кітабы апталығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған.

Әр жылдары Сергей Михалков, Агния Барто, Корней Чуковский, Самуил Маршак, Виталий Бианки, Евгений Шварц балалар кітаптарының апталығына белсенді қатысты.  

Онлайн жобаның бастамашылары: Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі, Нұр-Сұлтандағы орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, Sputnik Қазақстан, "Комсомольская правда" және "Аргументы и факты" газеттерінің қазақстандық редакциялары.

Акция туралы барлық қызықты ақпарат Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының сайтында жарияланған.

Ал қатысушылардың видеодәрісін мына жерден көруге болады.




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31