Өркениет

Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында жеңіске жетті (видео)

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында отандасымыз жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қазылар алқасы 30 жастағы Дана Қабылтаеваны сұлу әрі ақылды ару деп танып, 5 мың доллардан асатын сыйақы табыстады.

 

Дананың подиумдағы жүрісі сенімді. Ал осыдан 10 ай бұрын ол ауруханада жатып, тұңғыш баласын дүниеге әкелген еді. Төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойынша Кореяға келген. Осында болашақ жұбайымен танысты. Ағылшын тілінен сабақ берді. Модельдер байқауына қатысуға құрбылары көндірген.

 

Дана Қабылтаева, байқау жеңімпазы:

 

- Ұлтыңыз кім деп сұрайды? «Қазақстан» деп жауап бергенде: «осындай бет келбеті бола ма? деп таң қалады. Яғни, бізде Еуропа мен Азияға тән нышандар араласып кеткен. Сондықтан оларға өте сұлу боп көрінетін шығармыз. 

 

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқауға өзге елдерден модельдер келе алған жоқ. Сондықтан подиумге Кореяда тұрып жатқан шетелдіктер шыққан.

 

Қазылар алқасы аруымыздың сұлулығымен қатар ән шырқауы мен корей тілі білімін бағалады.

 

Ким Ин Бе, модель байқауы ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

 

- Дана ханшайым сән көрсетілімдерінде ерекше жеңілдіктерге ие болады. Оны Кореядағы түрлі ток-шоу мен бағдарламаларға шақырады. Киноға түсіп, жарнама моделі болуына мүмкіндігі бар.

 

Арулар елі. Оңтүстік Кореяда Қазақстанды осылай жиі атайды. Дана Қабылтаева бұл атақты тағы да айғақтады.

 

 

 

 




Көрілген: 995    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 12:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31