Өркениет

Қазақстандық дзюдошы: «Мені байқаудан шеттетіп, бүкіл елдің алдында қорлады»

  • Instagram/Әйгерім Әбілқадырова

    Instagram/Әйгерім Әбілқадырова

Әйгерім Әбілқадырова «Мисс Қазақстан» байқауының қатысушысы болып, кейін сайыс барысында шеттетілді. Ол байқау кезінде болған келеңсіз жағдай туралы баяндап берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Әйгерім екі тарап арасындағы жанжалға не себеп болғаны туралы Instagram парақшасында жазба қалдырды.

 

"Мен "Мисс Қазақстан" байқауында бақ сынамақ болып, сайысқа қатыстым. Іріктеу өз қалаларында "Мисс Спорт" атанған қыздар арасында болды. Оқырмандарым мен жақындарымның маған берген дауысы мен демеуінің арқасында 1-2 кезеңде мен қарсыластарымнан оқ бойы озық болдым. Мен үшін жанкүйер болған әр адамға алғысымды білдіремін", — дейді Әйгерім.

 

Алайда, оған дауыс берудің тоқтауына бір жарым сағат қалғанда өзінің байқаудан шеттетілгенін айтқан.

 

Байқау жетекшілерінің бірі қатысушылардың ортақ чатында менің сайыстан шығарылғанымды жазды. Олар менің моральдық жағдайым "Мисс Қазақстан" байқауының қатысушысына сай келмейтінін мәлімдеді.

 

"Мені "PlayBoy" журналына сұхбат беріп, суретке түскенім үшін байқаудан шығарып жіберген. Алайда, ол жерде ешқандай азғындық пен жаман дүниелер болған жоқ. "PlayBoy" деген атаудың өзі байқау қатысушысына сәйкес келмейді екен. Ал егер менің жалаңаш суреттерім басқа журналда жарияланса мұны қалыпты дүние ретінде қабылдайтын еді", — дейді қазақстандық спортшы.

 

Әйгерімнің айтуынша, олар бойжеткенді байқаудан шығарып қана қоймай, ел алдында қорламақ болған. Олар өздерінің ресми парақшасында қатысушы туралы жазба қалдырған. Бірақ, араға уақыт салып жазба өшірілді.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1489    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 19:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31