Қазақстандық фильм АҚШ-та бірден екі марапатты жеңіп алды

25 сәуір 2022, 08:55

Salem social media компаниясының SERJAN BRATAN веб-сериалы Лос-Анжелестегі Stareable Fest LA фестиалінде бірден екі марапатқа ие болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Сериал Best Drama және Best in Directing аталымдары бойынша үздік болып танылды», -деп көрсетті  Salem social media компаниясының баспасөз қызметі.

 

Stareable Fest - АҚШ-тағы тәуелсіз теле және веб-сериалдардың жыл сайын өтетін ең беделді фестивальдерінің бірі.