Өркениет

Қазақстандық танымал актер жансақтау бөлімінде жатыр

  • Қазақстандық танымал актер жансақтау бөлімінде жатыр

    Қазақстандық танымал актер жансақтау бөлімінде жатыр

 Журналист Жарылқап Қалыбай отандық танымал актер Дархан Дайырбектің жансақтау бөлімінде жатқанын мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz.

"Менімен аурухананың бір бөлмесінде жатқан "Терісқақпай" театрының актері, бірнеше киноға түскен Дархан Дайырбектің дем алуы нашарлаған соң 6 күн бұрын жансақтау бөліміне ауыстырған. Екі күннен бері ватсабы жауап бермеген соң, дәрігерімнен көмек сұрап едім, жағдайы нашар екенінін әріптестерінен біліп берді. Осыған байланысты Дарханның туыстары мен достарының шұғыл түрде ауруханаға келіп, жағдай сұрап, хабарласып, қолынан келген көмектерін аямауды өтінемін. Ал әлеуметтік желідегі ағайынға дұғада болуды сұраймын. Алла шипасын беріп, жансақтау бөлімінен аман шығуына тілекшімін!", – дейді Жарылқап Қалыбай.

Осы хабарды естіген қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей былай деп жазды. "Ағасы Қайрат пен сөйлестім. Жағдайы орташа, сорпа ішіп, денсаулығы жақсаруда деп қуантып қойды", – дейді ол. Айта кетейік, Дархан Дайырбек 1969 жылы дүниеге келген. Қазақстанның мәдениет қайраткері, актер. "Терісқақпай" комедия театрының әртісі. Отандық бірнеше фильмдерде басты рөлді сомдаған: "Әкім", "Құдалар", "Қазақша тонау", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабинка-2", "Бес күндік күйеу", "Мен күйеу баламын", т.б. Еске сала кетсек, бұған дейін "Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаев қазіргі жүріп жатқан індеттің өзін айналып өтпегенін жазған еді.

Baq.kz.

 




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 18:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31