Өркениет

Қазақстандықтар ерекше дауыспен туады": Алла Пугачеваны қай қазақстандық тәнті етті?

  • Қазақстандықтар ерекше дауыспен туады

    Қазақстандықтар ерекше дауыспен туады": Алла Пугачеваны қай қазақстандық тәнті етті?

КСРО Халық әртісі, ресейлік әнші Алла Пугачева Максим Галкиннің "Музыкалити" YouTube-шоуы кезінде қазақстандық әнші Dequine-ге таңданысын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Максим Галкинге қонаққа әр түрлі танымал әртістер келіп, заманауи музыканы бағалайды. Жаңа шығарылымда Алла Пугачева мен рэпер Баста қонақ болды. Оларға жас әншінің "Батыста" (На западе) әнін бағалау ұсынылды.

"Тәп-тәтті. Өте жақсы айтты, ең бастысы, аранжировка керемет. Бәрі осылай болды. Музыканттар өте жақсы", - деді Пугачева.

Максим Галкин қонақтардан Dequine есімді орындаушы туралы естіген-естімегін сұрады, әртістер бұрын оның шығармашылығымен таныс болмағанын мәлімдеді.

"Оның манерасы керемет. Барлығы өте жақсы. Он баллға лайық. Стилі өте сенімді", - деді Примадонна.

"Ол Қазақстаннан. Демек, Қазақстаннан болса біз мақтай бастаймыз. Қазақстандықтарды", - деді Галкин.

"Олар (қазақстандықтар) музыкаға өте жақын. Олар керемет айтады. Ерекше дауыспен туады", - деп түсіндірді Пугачева.

Сондай-ақ, шоу кезінде Алла Пугачева қазақстандық рэп-музыкант Скриптониттің "Мәскеу сүйеді..." (Москва любит...) әніне баға берді.

Айта кетейік, жақында қазақстандық әнші Dequine Warner Music Russia лейблімен келісімшартқа қол қойған. 2019 жылдың жазында 20 жастағы Данеля Садықова "Фемида" композициясын шығарды, ол оған үлкен танымалдылық әкелді және Apple Music Kazakhstan топ-100-тігіне кірді.

Кейін әнді естіген Warner Music Russia өкілдері орындаушымен байланысқа шықты. Келіссөздер процесі басталды және 2020 жылдың басында қыз олармен альбом шығару туралы келісімшартқа қол қойды




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30