Өркениет

Қазақтың беташар дәстүрін мазақ қылған асаба елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Әлеуметтік желіде асабының жаңа түскен келінге беташар кезінде еуропалық футбол клубтарына сәлем салдырғаны елдің ашу-ызасын туғызды.


Аталған видеоны Қуаныш Рахметоллаұлы жеке парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

 

Видеода асабаның ортаға шығып; "Бірі білсе, бірі білмейді. Футбол әлемінде Елдар осы "Барселона" клубына жанкүйер екен. Сол үшін "Барселонаның" құрметіне екі сәлем, "Баварияның" құрметіне сегіз сәлем", - дегенін көруге болады.

 

Оның бұл сөзіне сол жерде тұрған жастар мәз болып күлген.

 

Алайда желдегі оқырмандары асабаның бұл ісін ұлттық салт-дәстүрді аяққа таптау, құрметсіздік деп ашуға булықты.

 

"Қазақтың әдемі дәстүрін мазақ қылып тұр, Ішінен есі дұрыс бір адам табылмағанан ба сонда, Қазақтың қастерлі дәстүрін, жаңа түскен келінді, ата ананы мазаққа айналдырып тұрған жетесізге жел беріп күліп тұрған өресі төмен ортаға не деуге болады? Күлкі емес, қасірет қой мынау! Өңшең өресіздер", деген жазба қалдырған.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/kuanish.smagulov/videos/2889756744458784/
 




Көрілген: 955    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.08.2020, 16:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31