Өркениет

Қазақтың Фаризасы дүниеден озды

  • Қазақтың Фаризасы дүниеден озды

    Қазақтың Фаризасы дүниеден озды

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты Фариза Оңғарсынова қайтыс болды.

Фариза Оңғарсынованың өмірбаянына көз жүгіртсек, ол 1939 жылы Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркін дала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

1966-1968 жж. Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер, 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылдан «Пионер» журналының бас редакторы болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді.

Фариза апамыз «КТК» арнасындағы «Жүрек жарды» бағдарламасына берген сұқбатында былай деп еді: «Мен он баланың кенжесі едім. Соған қарамастан мен ерке емес, есті, алаңғасар емес, сезімтал болып өстім деп айта аламын. Олай деуіме енді ғана ес біліп келе жатқанымда әкем қайтты өмірден, одан көп ұзамай үлкен ағам кетті әкемнің артынан еріп. Есті болып өсуіме анамның мені күнде қойнына алып жатып, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы айтқан аңыз-әңгімелер әсер етсе, ал сезімтал болып өсуіме, анамның күндізгі уақытта жұмыстан қолы қалт ете қалса, әкем мен бауырымды жоқтап жылағаны, сол кезде мен кішкене болсам да анаммен бірге қайғырғаным деп білемін. Ал 5 жасымда анамның көңілін аулау үшін Қобыланды батыр жырын үйде айқайлап оқитынмын. Міне, бүгін Фариза Оңғарсынованың қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен үш жайт осылар болатын».  

«Алаш айнасы» барша қазақ жұртына қайғырып, көңіл айтады.




Көрілген: 1544    Пікірлер: 1

жұма, 24.01.2014, 12:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30