Қазақтың көркем күлкісі қайда?

Қазақтың көркем күлкісі қайда?

Басқа-басқа, әзіл-қалжың­ға келгенде алдымызға жан салмайтын ұлтпыз. Қазақтың қағытпалары, қалжыңдары дегеніңіз – кішірейтіп айтқан­да классика.  Үш арсыздың бірі саналатын күлкіден кенде халық емеспіз. Көңілімізді де күлкімен көтеріп, өмірімізді де күлкімен ұзартатын мінезі­міз тағы бар. «Аузында әзілі жоқтың, қойнында шоқпары болады» деген даналық көп нәрсені аңғартса керек. Еңбек­теген баласынан еңкей­ген қартына дейін әжуаға жақын жандармыз. Мысал үшін айтайық. Алты жасар бала көшенің бойымен арқан сүйретіп кетіп бара жатса, көрші тұратын үлкен кісі: – Ей, андағы арқанды неге сүйретіп жүрсің?-десе, ана бала қарап тұрмай: Енді итеретіндей темір емес қой, – деп жауап беріпті.
Осындай халықтың күлкі өнері, өнер­дегі күлкісі де көркем болуға тиіс еді. Бірақ олай болмай тұр. Күлкі өнері қартайып барады. Біз бұл жерде сатира театрлары туралы айтып отырмыз. Қазіргі кезде көріп, назар салып жүрген адамдардың бәрі біледі, олардың тым төмендеп бара жатқанын.
Сатира театрларының атасы саналатын «Тамаша», шын мәнінде, «ата» болды. Кө­рер­мендерімен бірге қартайып барады. Жиыр­ма бірінші жүз жылдықтың көрерме­ніне XX ғасырдың стилінде әзіл айтып келеді. Жаңа технологиялардың, үдемелі индустрияның заманында компартияның ұранын айтып жүргендей әсер береді.
Қазақтың сахналық сатирасына үлкен жаңалық әкелген, күлкіні өзінше түрленді­ре білген «Бауыржан шоудың» бұл күнде қарасы көрінбей кетті. Әжептәуір бастап, аяғына тік тұрғандай болғанымен, тұғы­рына тұрақтай алмаған «Терісқақпайдың» да тұралағанына 10 жылдың жүзі болды. 10 концерт беріп үлгермесе де, 10 жылды­ғын тойлап үлгерген «Мафия мен тақия­ның» тағдыры да аянышты. Елдің есінде қалатын екі қойылымдарынан басқа, осы уақытқа дейін жасаған еңбектерінің ішінде іліп аларлары аз екен. Бір дикция, бір дауыспен барлық рөлді ойнау мүмкін еместігін актер түгіл, қарапайым халық та біледі. Жанатбек пен Сәбит те білуге тиіс. «Күлпәш» атты ауыл әйелінің биігінен көтеріле алмай қойған «Шымкент шоу» театрының да шыққан биігі шамалы.
Күллі көрермендердің ықылас пейілін жаулап, монополистік мінез танытып кел­ген «Шаншарыңыз» бәсекеге қабілеттілігі­мен сүйсінтті. Бірер жыл бұрын бұл театр­мен таласқа түсетіндей ешбір театр та­был­мады. Барды бар деп мойындауға тиіспіз. Жақсыны жақсы демегенде, не дейміз? Осы орайда Уәлибек пен Жүсіптің тандемін атай кеткен жөн. Жылдар бойына шыққан биіктерінен төмендемей, қолда­рынан келгенінше алға ұмтылып келеді. Осы уақытқа дейін олар жасаған образдар галереясын айтса, ауыз толады. Бір-біріне ұқсамайтын біршама образдар жасады. Әртүрлі тақырыптарға барды. Әлі де солай жалғасып келеді. Біз бұларды «керемет» дегенде салыстырмалы түрде айтып отыр­мыз. Әйтпесе сынауға тиіс жерлері де аз емес. Бірақ қазіргі күні іліп аларың сол бол­ғасын, тырнақ астынан кір іздегендей болмайық деп тартынасың. Осы «теңдес­сіз» театрмен таласқа түсе алатын бір театр құрылды. Ол – «Алдараспан» театры. «Ал­дараспан» даладан пайда болған жоқ. Ол – «Шаншардың» бөлінген жартысы. Сөйтіп, ойламаған жерден «Шаншардың» өзінің жартысы, өзімен таласқа түсті. Екеуінің арасында шынайы бәсекелестік салтанат құрды. Бірі жеңді, бірі жеңілді деп айта алмаймыз. Бұл бәсеке – екі театрға да өсу тұрғысынан жеңіс әкелетіні анық.
«Шаншардан» алған тәлім мен тәрбие, жинақтаған тәжірибе «Алдараспанға» үлкен пайдасын тигізді. Нұржан Төлендиев өзінің мүмкіндігін көрсетіп, бар шеберлігін танытты. Ел тізгінін ұстайтын әкімнің де, етікшінің де рөлін қиналмай ойнап, жұртты сендіре білді. Әр кейіпкерге лайық образдарды жасады. Бұрындағы «Қошан», «Тука», «Үбән» рөлдеріне «Көкпаршы» сынды тағы да характері бөлек образдар қосты. Осы екі театр, шын мәніндегі, сатира театры деген атқа лайық болып тұр. Олар – шынайы актерлар. Актер деген атқа лайық адамдар. Өйткені олар актер ретінде әртүрлі рөлдерде ойнап, әртүрлі образдар­ды сомдады.
Енді төмендегі театрдың құрамын олай деп айта алмас едік. Ол – бұған дейін «Ба­зар жоқ» аталып келген «Әзіл әлемі» теат­ры. Егер театр деуге келсе, ондағы жігіт­тер­ді актер дегеннен гөрі анекдотшылар деген дұрыс шығар. Барлығы сахнаға кезек-кезек шығып, анекдот айтып кетеді. Ешқандай рөл ойнамайды, ешқандай образ жасамайды. Олардың айтып жүрген анекдотын тойда жүрген асабалардың әрқайсысы да айта алады. Бір Тұрсын­бек­тен басқасының хәлі мүшкіл. Соңғы кон­церт­тері тағы соны дәлелдеп берді. Ғаламт­ордағы әлеуметтік желілердегі сын-пікірлер де осыған саяды. Осы театрға қатысты Ақберен Елгезектің жазбасының астына 50-ге жуық пікір жазылған. Қызу талқылау барысында көбісі – бұл театрдың ізденбесе, тұралап бара жатқанын ескерт­кен. Бұл театрды Тұрсынбек ұстап тұр деген сөз ақиқат. Сол Тұрсынбек болмаса, басқаларының айтқан әзілі адамның күлкі­сін емес, жынын келтіретін күйге жетті. Оның артықшылығы – сол, ол – теңдессіз орындаушы. Оның әзілдерінің мәнділігінен гөрі дәмділігі жоғары. Кәдімгі қазақ, кәдімгі қоңыр тірлік. Содан жай адамдар байқай бермейтін нәзік нюанстарды тауып алып, жеткізудегі шеберлігі талайды мо­йын­датты. Бір сөзбен айтқанда, халықтың өз бидайын өзіне қуырып беріп, мәз қылуда алдына жан салмай жүр. Өзге әріптестері Тұрсынбекке ұқсағысы келге­німен, қолдарынан келмейді. Басты себеп­тің бірі сол – әзілдерінде не мән, не дәм жоқ. Тұрсынбектікі сынды қарапайым әзіл айтқысы келеді. Бірақ олары қарапайым емес, қарабайыр болып кетіп жатады. Қарапайымдылық пен қарабайырлықтың шекарасын анықтау үшін де аз-маз білім керек екенін ол жігіттер білсе керек еді. Ылғи кемпір болып шығатын Ерболат де­ген жігіт кейде сол әжесінің аузына салып, әжептәуір, нәрселерді айтып қалады. Бірақ Ерболаттың сол образда тұрып ішмайын іркілдетіп билегені, жерге аунағаны күллі қазақ кейуаналарын әжуә қылғандай әсер етеді. Аманғали сынды ерекше өнер иесі­нің материалдан кемдік көріп жүргеніне ішіміз ашиды.
Ал «Нысана» театрын бала тілімен айтқанда «Жайдарман ойнайтын ағалар» деуге болады. Кешегі күні «Бауыржан-шоудың» сапында жарқырап жүрген Әбунасыр Серіковты мына күйге түсірген қу тірлік-ау демеске шараң жоқ. Жанындағыларға сөз жоқ. Ол жігіттердің өнерден алар орны да сол шығар.
Сонымен, қорыта айтқанда, Уәлибек пен Жүсіп, Нұржан Төлендиев, Тұрсынбек Қабатов сынды бірді-екілі әзілкештер болмаса, қазақтың сатира театрлары сын көтермейтін жағдайға жетті. Бұдан шығар жол ізденісте, жақсы авторларды іздеп тауып, солармен жұмыс істеуде жатса керек. Бірақ соған олардың уақыты жетсе.

Ғаламтор бетінде жалпы, қазіргі әзіл-сықақ театрларына қатысты көптеген сын-пікірлер айтылып жүр.
Солардың бір парасына назар салсақ:
Айбек Тұрарұлы:
 – Олардың (әзіл театрларының әртіс­тері. ред) дайындалуға, білімін жетілдіру­ге уақыттары жетпейді ғой. Тойдан-той қалдырмай, қалаларды аралап, ақшаның соңына түсіп алған асабалар бәрі.
Асхат Асан:
 – ...бұларға Оспанханды оқып шығу керек шығар, әзілдің қалай түзелетінін бі­лер ме еді сонда....оның үстіне, әзіл бел­гілі оқиғалар мен әйгілі кітап кейіпкерлері барысында туындап жатса.....қазақ тілі, негі­зінен, көп тұста әзілге құрылады. Наға­шы мен жиен, құда-құдағи, жезде-балдыз тәрізді қалыптасқан әзілдік формалар бар емес пе? Ауылдарға барып көріңізші,  қарапайым кісілер қалай қал­жың­дасады екен...қалжыңдай отырып, базын да, назын да, басқасын да мақтамен сойғандай айтып тастайды.
Оразәлі Баймұрат:
 – Бұлар о бастан тойдағы асаба сияқты, қалай болса солай шығады. Дөрекі қимыл, дарақы сөзбен күлдіргісі келеді. Шымшып алар, сойып түсер сөздері жоқ. Осыларға қарқылдап күлетіндерге мен қайран қаламын.
Самат Құсайынов:
– Бұл кісілер теледидар экранынан жақсы бір көрінген соң болды,  той қуалап кетеді.  Сахна сөзін жаттау мәдениеті ұмыт қалады.
Алтыншаш Бағдәулетова:
 – Шынында, қазір теледидарға шы­ғып, күлкі сыйлап жүрген жұлдыздарымыз жай арзанқол бір нәрсемен шыға қалады, сапасы төмен әзілдің өмір сүруі де сапасыз.
Ақерке Әбдіманапқызы:
 – Қазіргі театрлардың барлығы күн көрудің қамы үшін ғана, тіпті театр деп атауға келмейді, КВН деңгейінде.
Нұрбол Манапов:
– Бұл автордың жоқтығы ғой. Әзілдің артында әдеби сатира тұрмаса, осындай баланың ойыны бола береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста