Өркениет

Қазіргі қазақтың тойы ресторан иесі байға, тамадаға, әншісімақтарға пайдалы

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Атыраулық блогер Арман Рахмет Facebook желісіндегі парақшасында қазақтың тойы туралы жаңа жазба қалдырды.


Блогер тойды дүркіретпей, ағайын туыстың арасында ғана өткізуге ұсыныс жасады.

 

Бұл туралы kaz.caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 

Қазіргі той қазаққа не береді?

 

1. Қазақтың қазіргі тойының көрінісі қандай?

 

Залда үстелдерде заманауи киім киген 200-400 адамды көресіз, ерекше көрініс пе? Жоқ.

 

2. Несімен қызық?

 

Қызық ештеңе жоқ. Би-ТОСТ-өлең-ТОСТ-ойын-ТОСТ, ТОСТ ТОСТ ТОСТ!!! Және бір адам емес, әр тостқа шұбатылып 20 адам шығады. Келген 300 адамның 300-і тост айтуға шығады!!! Бәрінің айтатыны сол бір тілек.

 

3. Қандай ұлттық салт белгісі бар? Беташардан басқа ұлтты ештеңе жоқ.

 

4. Ерекше ұлттық тағамдар болама?

Қазақша асылған еттен басқа ерекше ештеңе жоқ.

 

5. Кімге пайдалы?

Ресторанның иесі байға пайда, тамадаға пайда, фонограммамен айтатын әншісімақтарға пайда және банкке пайда.

 

6. Тарихы, мүмкін дәл осылай той өткізу ата-бабадан келе жатырған шығар?
Жоқ. Бұндай тойлар тек соңғы 25 жылда шықты, сәбет заманында бұлай өтпеді, ал одан бұрынғы заманда тойды тек байлар өткізген, және бұлай 3-4 сағат емес, ат шаптырып, балуан күрестіріп 3-4 күн тойлайтын.

 

7. Қаражат мәселесі.

 

3-4 сағаттық тойға орташа 3-4 млн ақша кетеді, сағатына 1 млн. Көбі кредит алып жасайды, сосын бәлен жыл төлейді.

 

Демек, біздің қазіргі тойларымызда ұлттық салтты көрсететін ештеңе жоқ, кәдімгі банкеттің бір түрі.

Қуанып баратындар аз, көбі ұялғаннан барады.

 

Мен ұсынар едім бұндай пайдасыз тойларды тиып, кредит алмай, жағдайың жеткенше ең жақын ағайындарды шақырып үйде, шаңырақта өткізуді.

 

Ал егер бай болсаң онда баяғыша ұлттық нақышта ат шаптырып, арқан тартқызып, балуан күрестіріп 3 күн тойла, келген адамдар да рақаттанады, шетелдік келсе тіпті есі ауып қалатын шығар дәстүр деп осыны айт деп.


 




Көрілген: 1508    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31