Өркениет

«Кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі» - Ермахан Ибраимов

  • «Кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі» - Ермахан Ибраимов

    «Кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі» - Ермахан Ибраимов

"18 миллион адамның 11 мыңы кедей болса, ол арпа ішінде бір бидай. Ол әрекет жасамағанның кесірі деп ойлаймын. Елімізде ешкім жерде қалмайды", - дейді мәслихат депутаты.

Танымал боксшы Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қалалық мәслихаттың депутаты ретінде Қазақстанда тұрып жатқан халықтың жағдайына жақсы деген баға берді. Боксшының сөзінше, елдегі кедейлердің күнкөрісі төмен болуына өздерінің жалқаулығы себеп деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бокстан Олимпиада чемпионы сұхбатта 30 жыл ішінде қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы едәуір жақсарғанын атап өтті. Ол Алматы қаласы мәслихатының депутаты ретінде елдегі кедейлердің жағдайына қатысты пікір білдірді.

"Мен Қазақстаннан кеткен жоқпын. Егемендік алғанымызға 30 жыл болды. Қонаққа барыңыз, әр үйдегі дастарханға қараңыз. Бәрі өсіп-өніп жатыр. Қазақстанда бәрінің жағдайы жақсы, құдайға шүкір. Соны бағалай алмаған адамдар бар. 42 мың теңгеге ешкімнің күні қарап тұрған жоқ деп ойлаймын. Егер жұмыс істеймін, алға ұмтыламын деген адамға әрқашан жол ашық.

Мысалы үкімет ауыл шаруашылығын қолдау қорларын ашты, кәсіпкерлерді қолдау қорлары бар. Не істеймін десең де, барлық жағдай жасалып жатыр. Кредит аласың ба, оны бір жыл кейінге шегеріп төлемей тұра тұрасың ба, бір сөзбен айтқанда мен диванда жатпаймын, еңбек етемін деген адамға барлық жағдай жасалған. Қазақстанда тұрған кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі. Алға ұмтылмайды. Бұл менің жеке пікірім", - деді Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов.

Боксшы депутат ретінде күніне екі-үш адамнан қабылдап, халықтың мәселелерін шешіп жатқанын жеткізді.

"Алматыда күніне екі-үш адамды қабылдап, олардың мәселесі бойынша керекті органдарға өзімнің визамды қойып жіберіп жатырмын. Жасаңдар, істеңдер, мықты болыңдар, алға ұмтылыңдар", - дейді боксшы. 

Ол журналистің еліміздегі кедейлердің саны туралы келтірген дерегін "арпа ішінде бір бидай" деп бағалады.

"18 миллион адамның 11 мыңы кедей болса, ол арпа ішінде бір бидай. Ол әрекет жасамағанның кесірі деп ойлаймын. Елімізде ешкім жерде қалмайды", - дейді мәслихат депутаты. 




Көрілген: 3573    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 13:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30