Өркениет

"Келісім солай болды": Айжан Байзақова жалған тойы жайлы құпияны ашты

  • © Видеодан кадр

    © Видеодан кадр

Осыдан бірнеше күн бұрын ақ көйлік киіп, тұрмысқа шыққан сәтінен көрсетіп, кейін оны жоққа шығарған Айжан Байзақова желідегілерді таңғалдырған болатын. Танымал блогер Бейбіт Әлібековпен сұқбат кезінде ару мұндай қадамға не үшін барғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Той алдында бірнеше күн бұрын Байзақова танымал блогер Әлібековпен сұқбаттасу кезінде тойының жай ғана қойылым екенін айтып қойды.


Алайда сұқбат желіге той өткен соң шықты. Айжан белгілі бір жобаны жарнамалау үшін жалған үйлену тойын ұйымдастырғанын жасырмады.


"Иә, бұл той - қойылым. Міне осылай. Мен өтірік айта алмаймын. Бұл жобаның жарнамасы. Ата-анам мен жақындарым, достарым бұл туралы ештеңе білген жоқ. Бәрі шын жүректен құттықтап жатты. Жалған той жайлы тек баламның әкесі мен інім білді", - дейді Байзақова.


Сондай-ақ, блогер жақындары мен достарын алдауға мәжбүр болғаны үшін ұялғанын да жасырмады. Оның сөзінше, ол келісілген шарттарды орындауы керек болған.


"Мұның бәрі тезірек бітсе екен деп тіледім. Мен араласатын блогерлер көмектерін ұсынып, құттықтап жазып жатты. Ал мен өтірік айта алмаймын. Хаттарын лүпілдетіп отыра бердім. Ұялдым. Бірақ мен ештеңе істей алмадым. Маған солай айтылды. Келісім солай болды", - деді ол ағынан жарылып.


Блогер Байзақовадан жүктілік пен жалған тойдан хайп жасаған ұнай ма деп сұраған болатын.


"Енді ұнады дегенде қалай, бұл менің табысым ғой. Бұл - ақша. Маған ақша беріңдер демеймін. Адамдарға бұл қызық. Мәселен мен актрисамын. 14 жасымнан телехикаяларға түсіп жүрдім. Бірақ ешкімге керек емес едім. Ал мына жерде лас хайп жасап бәріне қызық бола қаласың", - деп жауап берді танымал ару. 




Көрілген: 1293    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 23:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30